» » Ауыр атлетикадан Әлем чемпионы — Ерасыл елге оралды

Ауыр атлетикадан Әлем чемпионы — Ерасыл елге оралды


Мексика елінде ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы атанған Ерасыл Сәулебеков елге оралды.

Мұхит асып, Мексиканы бағындырған, алтыннан алқа тағып, көк туымызды көкке көтерген Ерасыл алаштың рухын аспандатқаны сөзсіз. Осы орайда, бүгін мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемұлы чемпионымыз Ерасыл мен жаттықтырушылары Айдар Ералиев және Жеңіс Алдабергеновты қабылдап, жүрек жарды лебізін білдірді.

"Жүлдеге қол жеткізу оңай болмаса да, Сіз қазақстандықтардың, оның ішінде Сыр елінің үмітін ақтадыңыз. Бұл өзіңіздің кәсіби шеберлігіңіз бен жеңіске деген айрықша ерік-жігеріңіздің нәтижесі. Сіздің жетістігіңіз - өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін күшейтіп, мыңдаған жастың спортқа, салауатты өмір салтына ынтасын арттырары сөзсіз. Алтын медальді иеленіп қана қоймай, спорттық кәсіби өміріңізге жаңа да жарқын жол аштыңыз. Бұдан да биік белестерді бағындыратыныңызға сенемін!" деді басқарма басшысы өз құттықтау сөзінде.

Естеріңізге сала кетейік, Сәулебеков Ерасыл
Мексиканың Леон қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өткен Әлем чемпионатында 67кг салмақ дәрежесінде жұлқи көтеруден 123, серпе көтеруден 158, қоссайыста 281кг жинақтап Әлем чемпионы атанды.

Құтты болсын қазақ елі, құтты болсын Сыр елі!
21 маусым 2022 ж. 1 817 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 248
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 408

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30