» » Еңбек - бейнет емес, зейнет

Еңбек - бейнет емес, зейнет

qarmaqshy-tany.kz Адал нәпақасын еңбектен тапқан, кез келген қиыншылықты еңсерген адам ғана биік белестерді бағындырады.
Әр адам шама-шарқы жеткенше еңбек етеді. Соның ішінде көше тазалаушы азаматтардың еңбегі зор.
Жұмыстың бағыты солай болғаннан кейін, бұл азаматтар күннің ыстығы мен суығында ашық аспан астында, көшеде тазалық жұмыстарын жасауы тиіс.
Дегенмен, әрбір еңбектің өтеуі, марапаты болады. 2022 жылдың 2 желтоқсаны күні Жосалы кенті еңбек ардагерлерінің басын қосып, осындай көше тазалаушы жұмысшылардың бірі Айнагүл Омарованы құрметтеп, зейнет жасына шығарып салу кеші болып өтті.
Жосалы кентінің әкімі Шыңғыс Әбділәмитұлы А.Омароваға «Алғыс» хатын табыстап, қазақы дәстүрмен иығына камзол, жаулық жапты.
Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Е.Ұзақбаев, еңбек ардагері Ш.Құндақбаевтар А.Омароваға жылы лебіздерін білдіріп, еңбек адамын құрметтеген Жосалы кентінің әкіміне шынайы алғыстарын жеткізді.
05 желтоқсан 2022 ж. 1 127 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 044
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 645

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031