» » Көше тазалықшыларына құрмет көрсетілді

Көше тазалықшыларына құрмет көрсетілді

Үстеріне сары желетке киіп, көше бойын тазалап жүрген адамдарды жұрт күнде көре бергеннен кейін бе, елей бермейді.
Бұл біздің көше тазалығын жасайтын жұмысшыларымыз. Олар қыста қар күреп, көктемде талдарды әктеп, арық тазалап, аптап жазда көше сыпырады. Дегенмен, осы тынымсыз еңбек қандай құрметке болса да лайық!
Осы ретте, бүгін Жосалы кентінің әкімі Шыңғыс Әбділәмитұлы көше тазалығына жауапты жұмысшыларды орталық алаңда, жасыл шырша жанында Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жыл көлемінде атқарған жұмыстарына алғыс айта отырып, мерекелік сыйлық жасады.
Жұмысшы аға-апаларымыз еңбектерінің ескерілгеніне шын жүректен рахметтерін айтып, үйлеріне көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
31 желтоқсан 2021 ж. 695 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 863
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 119

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930