» » Құрмет көрсетілді

Құрмет көрсетілді


Айналаңның әсем, мұнтаздай таза болғаны әрдайым көңіл қуантады. Күннен-күнге көркейіп келе жатқан кентте тазалық жұмыстарының ұдайы жүргізілетінін аңғарамыз. Ызғарлы қыс, аптап ыстық, көктемнің жаңбыры мен күздің қара суығына қарамастан тазалықшы аға-апаларымыздың жұмысы тоқтаған емес. Олардың өлшеусіз еңбектеріне қандай құрмет көрсетсек те жарасымды.


Осы ретте кент әкімшілігінде 1 наурыз – Алғыс айту және 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Алғысым саған – Аналар» атты салтанатты жиын өткізілді. Алғашқы сөзді алған кент әкімі Шыңғыс Әбділәмитұлы күннің ыстығы мен суығына төзіп, қолайсыз ауа-райында да көше бойының тазалығына жауапты қызмет атқарып жүрген азаматтарға алғыс білдіріп, 8 наурыз – ¬¬-Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады. Мұнан соң Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Ұзақбаев пен аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжауһар Раева тазалықшылардың кент үшін атқарған еңбектеріне ризалығын жеткізіп, мерекелік құттықтау лебіздерін білдірді. Еңбек адамының қашанда еңсесі биік екенін де тілге тиек етті. Салтанатты жиында еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін көтеру үшін кент әкімінің, аудандық мәслихаттың және «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының алғыс хаттарымен марапатталып, естелік сыйлықтар мен гүл табысталды. Осындай құрметке ие болып, марапат төрінен көрінген жанның бірі – Жұлдызай Аймұратова.
Ол қоғамдық жұмыс ашылғалы бері осы жерде еңбек етіп келе жатқан тазалықшы. Адал еңбекпен ас тауып отырған ардақты ана 7 перзент тәрбиелеген «Алтын алқалы» жан. Бүгінде жиырма немере сүйіп отырған аяулы әже.
– Ұзақ жылдан бері кент тазалығы үшін қызмет етудемін. Біздің еңбегімізді елеп, құрмет көрсеткендеріңізге аналық жүрегіммен ризамын. Туған жерді таза ұстау – баршамыздың міндетіміз. Осы қызметіміз арқылы елдің өркендеуіне тамшыдай болса да үлес қоссақ, перзенттік парызымыздың өтелгені,– дейді Жұлдызай Өтепқызы.
Елдің алғысын алған аға-апалар осындай іс-шара ұйымдастырған Жосалы кенті әкімшілігінің ұжымына, ардагерлер кеңесі мен әйелдер кеңесіне ізгі ниеттері мен ыстық ықыластарын жеткізді. Жиын соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, барлық ықылас пен қошемет еңбек адамдарына арналды.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ

10 наурыз 2021 ж. 631 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 257

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 357

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930