» » «Таза Қазақстан» акциясы өтті

«Таза Қазақстан» акциясы өтті



«Сенбілікті» білмейтін жұрт жоқ шығар, сірә?! Қоршаған ортаны қоқыс қалдықтарынан, шөп-шалаңнан тазартып, халықты ауызбіршілікке шақыратын игілікті іс өткен сенбіде жалғасты. Шара 18 қыркүйекте елдің барлық аумағында «World Cleanup day 2021»/«Birge – taza Qazaqstan» бүкіл әлемдік акциясы аясында өтті.
Бұл күні акция әлемнің 150 елінде өтеді. Әрі оған 380 миллионнан астам адам қатысады. Осы ретте, аудан әкімі Қайрат Нұртай барша аудан тұрғындарын қоршаған орта тазалығын сақтауға бағытталған акцияға белсене қатысып, туған өлке тазалығына өз үлесін қосуға шақырған болатын.  Сөйтіп «World cleanup Day», яки бүкіләлемдік тазалық күніне орай еліміздің барлық аумағында өткізілген «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қармақшылықтар да өз үлесін қосты.
Мұндағы мақсат – қоғамда экологиялық мәдениет қалыптастыру. Нысан – тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға, оны ластамауға шақыру. Жалпы акцияға ауданнан 700-ден астам адам қатысып, мекеме қызметкерлері мен ерікті жастар 2 кент, 12 ауылдық округтегі көшелерді, парк, аллеяларды, орталық алаңдарды тазалады. Барлығының көксегені – көше тазалығы. Сенбілікте тек қоқыс жиналып қоймай, өскен шөптер жұлынып, арық іші қураған жапырақтардан тазартылып, өртелді.
Тазалық күнінде ауылдық округтер де белсенділік көрсетті. Әлеуметтік желіге жарыса салған суреттерден туған жерге деген жанашырлығы байқалады. Көше сыпырып, мекеме, нысан алдын қоқыстан тазалауда елден қалыспады.
Әр көшенің тұрғындары тазалыққа өзі жауапты болуы керек. Ең болмағанда өз үйінің айналасын артық күл-қоқыстан тазартып, айналаны ластамауға үйренуі қажет. Қанға сіңген қазақы қасиетімізбен сырттан келген қонақты үйімізге бастаймыз. Ал үйге апарар жол – ол біздің көшелер. «Сырт көз – сыншы». Біз мән бермеген ұсақ-түйекке олардың көзі түсуі мүмкін. Үйден бұрын көше көркін тамашалайтын қонақтан ұялмас үшін әрбір көше мұнтаздай таза болуы керек. Біз бұл арқылы оған қала, ауыл, көше тазалығын емес, өз тазалығымызды көрсетеміз.
Айнұр ӘЛИ
21 қыркүйек 2021 ж. 488 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930