» » Қармақшыда балаларға арналған спорт және ойын алаңы ашылды

Қармақшыда балаларға арналған спорт және ойын алаңы ашылды


Бүгін Жосалы кентіндегі Д.Мырзағалиева көшесінде жаңадан салынған спорт және ойын алаңының ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға аудандық мәслихат төрағасы, ардагерлер, кент әкімі мен бөлім басшылары және көше тұрғындары мен балдырған балалар қатысты.

Шара барысында Жосалы кентінің әкімі А.Досмұратов, Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Ұзақбаев, спорт саласының ардагері Е.Атабаев жиылған жұртшылықты мерекемен құттықтап, ізгі лебіздерін жеткізді.

Сондай ақ, көше тұрғындарының атынан Кенішкүл анамыз ризашылығын жеткізсе, аудан ардагері Сариев Орынбасар балғын бөбектерді мерекесімен құттықтап, батасын берді.

Шара соңында балдырғандарға мерекелік сыйлықтар үлестіріліп, концерттік бағдарламамен жалғасты.

Айта кетейік, соңғы 3 жылда аудан көлемінде 17 балалар және спорттық ойын алаңындары салынып, пайдалануға берілген. Оның ішінде, аудандық бюджет есебінен 10, демеушілер есебінен 7 ойын алаңдары салынды.

Биылғы жылы Жосалы кентіндегі Дәмегүл Мырзағалиева және Әбдуәли Жаназаров көшелерінде балалар және футбол алаңдары пайдалануға берілсе, Т.Көмекбаев, Алдашбай ахун ауылдарында құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

01 маусым 2024 ж. 400 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№46 (10514)

20 маусым 2026 ж.

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 332
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 855

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930