» » ҰЛТ ШАМШЫРАҒЫ – ҰСТАЗДАР

ҰЛТ ШАМШЫРАҒЫ – ҰСТАЗДАР

Еліміздегі ерекше мейрамның бірі – мұғалімдер күні жыл сайын дәстүрлі түрде мерекеленеді. Адам баласы қадір тұтып, қасиет санайтын ұстаздық мамандығының орнын төрден сайлап қоюының да терең мағынасы бар. Себебі, ұстаз – өз уақытын аямайтын, шәкіртінің бақытын алақанында аялайтын бірден-бір құрметті тұлға.
Осы аяулы жандардың мерекесіне орай сенбіде Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде «Ұлт шамшырағы – ұстаздар» тақырыбында салтанатты іс-шара өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары, сала ардагерлері мен педагог- тер қатысты. Мереке мектеп оқушыларының «Шәкірттер сәлемі», «Мектебім» әнімен шымылдығын түрді.
Салтанатта аудан әкімі Жандос Еркінбек ұстаздар қауымын мере- кемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
– Құрметті ұстаздар, қадірлі білім саласының ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Жас ұрпақты тәрбиелеудегі ұстаздар қауымының еңбегі орасан екенін бәріміз білеміз. Себебі барлық кәсіп иесі ұстаз алдынан білім алады.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласына айрықша көңіл бөліп, оның сапасын арттыруға тұрақты назар аударып келеді. Елімізде «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданып, білім мен ғылымды дамытудың бағдарламасы бекітілді. Нәтижесінде, педагогтердің еңбекақысы жыл сайын өсуде. Бұл ұстаздарға мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау деп білеміз.
Ауданда 30 жалпы білім беретін мектеп, 47 мектепке дейінгі білім беру мекемесі және 2 қосымша білім беру орталығы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта ауданда 15073 оқушы білім алуда, ал педагогтер саны 2163-ті құрайды. Олардың 2076-сы жоғары білімді, 87-сі арнаулы орта кәсіптік білімге ие.
Ұстаздарымыздың қажырлы еңбегінің арқасында оқу- шыларымыз жыл сайын түрлі білім жарыстарында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Өткен оқу жылында аудан мектептерінде 15218 оқушы білім алды. 686 түлектің 649-ы, яғни 94,6%-ы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, орташа балл көрсеткіші 85,9%-ды құрады. Ауданымыз облыс бойынша бірінші орынға ие болды. Олардың 54-і «Алтын белгі», 67-сі «Үздік аттестат» иегері атанды. Бұл – ұстаздардың еңбегінің жемісі.
Биылғы оқу жылында аудан бойынша 15210 оқушы мектепте білім алып жатса, олардың 1420-сы 1-сыныпқа қабылданып, 786 оқушы 11-сыныпты аяқтауда.
Мемлекет басшысының бастамасымен білім беру саласына ерекше назар аударылуда. Облыс басшылығының қолдауымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылы Жосалы кенті мен ІІІ Интернационал ауылында жаңа мектептер салынады. Биыл No284 мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының спорт залының құрылысы жүргізілді. Сонымен қатар «Білімді қолдау ұлттық қоры» арқылы Тұрмағамбет ауылындағы No29 орта мектепке арналған 250 орындық жаңа ғимарат құрылысы келер жылға жоспарланды.
Біздің ортақ мақсатымыз – Тәуелсіз еліміздің болашағын қалыптастыратын ұрпақ тәрбиелеу. Сапалы білім арқылы еліміз бәсекеге қабілетті бола алады. Бұл мақсатқа жету үшін ұстаздардың тынымсыз еңбегі, патриоттық рухы мен жауапкершілігі қажет. Біздің ұстаздарымыз осы міндетті абыроймен атқаратынына сенімдімін. Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтап, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, – деді аудан басшысы.
Мұнан соң мереке мерейлі марапатпен жалғасын тапты.
Қармақшы ауданының құрметті азаматы, ардагер-ұстаз Дәмелі Жалғасбаева, «Шығармашыл ұстаз» төсбелгісінің иегері Роза Ильясова «Еңбек ардагері» медалімен марапатталса, Достық Тілеубергенов, Бауыржан Дүйсенбаев, Ләззат Медебаева, Гүлзира Алдамжарова, Жаңылған Сәрсенбаева, Қазына Шопанова, Тоты Көшербаева, Құндызай Жарбасова, тағы басқа да педагогтер облыс әкімінің Алғыс хатымен мадақталды. Сондай-ақ Гүлжахан Мұнарбаева, Баян Махамбетова, Сәулекүл Жабаева, Зоя Абауова, Бақытбек Баймұратов, Зұлпия Жұмабекова, Феруза Алданышова, Гүлнұр Исаева, Айымкүл Дауылтаева, Бибіткүл Нұртайлақова және басқа да ұлағатты ұстаздарға аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты тапсырылды.
Іс-шарада М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің оқытушысы, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі» Айқын Кенжеғараева «Жақсыларым», «Армансыз күнім болмайды» әндерін нақышына келтіре орындаса, аудандық «Оқушылар үйінің» «Жадыра» би тобының «Қазақ биі» көрермен қауымның қошеметіне ие болды.
Салтанатты іс-шара Т.Салқынбайұлы атындағы аудандық өнер мектебінің оқытушысы Азат Сқақтың орындауындағы «Ұстазым менің, ұстазым» әнімен қорытындыланды.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК
09 қазан 2024 ж. 137 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 254

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 354

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930