» » Қармақшы ауданының ардагерлері Түркістанға сапар жасады

Қармақшы ауданының ардагерлері Түркістанға сапар жасады


Халықаралық қарттар күніне орай Қармақшы ауданының ардагерлеріне Түркістан қаласына сапар ұйымдастырылды. Бұл шара аудан әкімінің қолдауымен жүзеге асырылып, ардагерлерге рухани және мәдени демалыс сыйлады.

Сапарға ауданның 2 кенті мен 12 ауылдық округтерінің ауданымыздың әлеуметтік экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан сала және еңбек ардагерлері қатысты. Сапар барысында қатысушылар Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зиярат етіп, «Ұлы дала елі» орталығы мен «Керуен сарай» кешенін аралады.

Ардагерлер Түркістанның соңғы жылдардағы қарқынды дамуы мен заманауи инфрақұрылымның қалыптасуын жоғары бағалады. Олардың пікірінше, бұл сапар ұлттық мәдениет пен тарихқа терең бойлауға, сондай-ақ Түркістанның жаңа келбетімен танысуға мүмкіндік берді. Ардагерлер сапарды ұйымдастырған аудан басшылығына алғыс білдірді.

Осындай шаралар үлкендерді қолдап, олардың қоғамдағы орнын айқындау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Алдағы уақытта да ардагерлерге арналған мәдени және рухани сапарлар мен іс-шаралар жалғасын табады деп жоспарлануда.

30 қыркүйек 2024 ж. 305 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

№81 (10449)

25 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 787
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 516

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930