» » Қазыналы қарттарымыз қасиетті мекенде

Қазыналы қарттарымыз қасиетті мекенде

qarmaqshy-tany.kz Халықаралық Қарттар күні – аталар мен апалардың, ата-аналардың мерекесі. Бұл – адамдық даналықтың, азаматтықтың кемел шағына деген құрмет. Үлкендерге құрмет көрсету – халықтың мәдениеттілігін сипаттайтын негізгі белгі. Мереке қарсаңында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен аудан ардагерлері түркі халықтарының рухани астанасы – Түркістан қаласына саяхат жасады. Аудан әкімі Жандос Еркінбек ардагерлерді шығарып салу рәсіміне қатысып, сәт сапар тіледі. Сондайақ ауданымыздың ілгері дамуына өлшеусіз үлес қосқан аға буынға алғыс білдіріп, алда келе жатқан мерейлі мерекемен құттықтады.
Саяхаттаушылар қатарына ауданға қарасты 2 кент, 12 ауылдық округтегі еңбек ардагерлері, көпбалалы зейнеткер аналар, білім, мәдениет салаларының ардагерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері қамтылды. Сапар барысында ардагерлер «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесіне зиярат етіп, «Ұлы дала елі» орталығы мен «Керуен сарай» демалыс аймағын аралады.
Ардагерлер рухани астананың жаңарып, зәулім ғимараттардың бой көтеріп, өзгергенін және ерекше әсерге бөленгенін жеткізіп, түрленген Түркістанға сапар ұйымдастырған аудан басшылығына алғыстарын жаудырды.
– Мен ұзақ жыл №27 мектепте еңбек етіп, зейнеткерлік демалысқа шықтым. Қазір көп уақытымыз үйде өтетіндіктен, бізге мұндай демалыс керек-ақ. Өзіміздің замандастарымызбен жүздесіп, сапарлас болып, киелі Түркістанның жаңа келбетін көзбен көріп, рухани демалып келдік. Осы сапарды ұйымдастырған аудан әкімшілігіне, демеуші болған жандарға, бізге қызмет көрсеткен жастарға алғысымыз шексіз. Қариясын сыйлаған елдің азбайтыны анық. Әрдайым қолға алған істері оңынан туып, жолдары ашық болсын, – дейді аналық ақ лебізімен Айған Әжмағамбетова.

Иә, қай халықтың болсын түпкі тамырында үлкенді сыйлап, құрмет көрсетудің мәні тереңде жатыр. Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Ортада жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбіт тыныш өмір кешуіне үлес қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы. Мұны ұғынған жастар да үлкенге құрмет көрсетуден аянып қалмайтынын айтады.
– Бізге әлеуметтік жоба аясында «Qadam Qarmaqshy» қоғамдық бірлестігіне аудан әкімдігі тарапынан ардагерлерді Түркістан қаласына апару тапсырылды. Сондай-ақ аудан еріктісі Әсем Мерекова, аудандық Жастар ресурстық орталығының үйлестірушісі Гүлжазира Бекетқызы, орталық мамандары бұл іске белсене қатысты. Таң ертесімен аудан әкімінің ақ тілегімен жолға шықтық. Қазыналы қарттарымыз сондай белсенді. Ән де айтылды, би де биленді. Көңілді сапар болды. Біз барған күні Түркістан шаһарында «Өнер күні» тойланып жатыр екен. Ардагерлеріміз жанды дауыста шырқалған әсем ән тыңдап, қасиетті жерлерді аралап, көне жәдігерлерді тамашалады. Осы ретте, аудан әкімі жастарға жолға шықпай тұрып «Қазыналы қарттар – біздің өлшеусіз байлығымыз. Олар қазіргідей технология дамыған кезде өмір сүрмесе де, бізге жоқтан бар жасады. Сондықтан біздер олар үшін аянбауымыз керек. Сіздер барынша қарттарға қамқорлық танытыңыздар» деп мықтап тапсырғанды. Біз, жастар бұл ағалық ақылды тек сапар барысында емес, өмір бойы жадымызда тұту қажеттігін ұғындық. Ақылгөй аға буын өкілдерінен естіген алғыстың өзі бізді алға сүйрейтіні анық. Әрбір үйдің берекесі – осы үлкендер ғой. Олар ортамызда аман отырса, біз бақыттымыз. Қызметінде жүруге әрдайым дайынбыз, – дейді аудандық Жастар ресурстық орталығының кеңесшісі Жолдас Көбекұлы.

Қазақ қашанда қазыналы қартын құрметтеген. Туған елінің туын биік ұстауды мақсат тұтқан аудан әкімдігі биыл үшінші рет бұл игі істі жалғастырып, дәстүрге айналдырып, өскелең буынға ұлағат етіп келеді. Алдағы уақытта та жан жадыратар осындай жақсы істердің қатары артатынына сенім мол.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
28 қыркүйек 2023 ж. 403 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 261

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 360

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930