» » Жігерлі жандар жеңіске жетеді

Жігерлі жандар жеңіске жетеді

Жаңалықтың бәрін телефонның түймесін түрте қарап көретін әдетіміз бар емес пе?! Сондайда ауданда жаңадан ашылған массаж орталығына көзіміз түсті. Парақшасын ақтарып қарап, «біздің ауданнан ашылғаны жақсы болды» деп қуанып қалдым. Көп ұзамай орталыққа барып жағымды жаңалықты оқырман қауыммен бөліспек болдық.
Бүгінгі нарық заманында бір жұмысқа қарап отыруға болмайды. Қолдан келсе сан кәсіпті меңгеруге де мүмкіндік бар. Мақаламызға арқау ететін кейіпкеріміз сан түрлі жұмыстың шашауын шығармай бір арнаға тоғыстырып жүрген жан – Назерке Әлібекқызы. Негізгі жұмысы – аудандағы Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің емдік денешынықтыру маманы. Әйтсе де жұмысынан бөлек қосымша кәсіппен айналысуға бел буады.
Орталыққа барған сәтімізде ол он айлық бүлдіршінге массаж жасап жатты. Бөбектің анасы «Алақаны шипалы екен. Аяғымызды баса алмай келгенбіз, екі күнде басып жатыр» деп ағынан жарылып, қуанышын жасырмады.
Қазірде қоғамда ерекше қажеттілігі бар балаларды жиі байқап жатамыз. Олардың күтімі мен тәрбиесі, емдік шаралары өз алдына бөлек әңгіме.
– Әкем инсульт алып, оған жеті жыл бойы үздіксіз массаж жасадым. Жалпы бір дүниені зерттегенді, жан-жақты ізденгенді жаным сүйеді. Солай массажды өзім үйреніп алдым. Ал 2019 жылы арнайы кәсіби мамандардан оқыдым. Мектепті бітірген соң медбике мамандығы бойынша білім алдым. Біршама уақыт балабақшада жұмыс істедім. Кейін қысқарту болып шығып қалдым. Содан ППТК-не массажист болып орналастым. Кейін емдік дене шынықтырушы болып кызметім өзгеріп, оған қосымша Ерекше бала орталығынан БДШ(АФК) курсынан тәжірибемді шыңдап келдім. Мақсатым СДВГ, РАС, ЗПР, аутизм секілді түрлі диагнозы бар ерекше балалардан нәтиже көрсету. Шүкір, балалар жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Ұсыныс та көбейді. Сондықтан жолдасыммен ақылдасып, өз қаражатымыздан аз уақыт ішінде орталық аштық. Әпкем Ақтолғай да қолынан келген көмекті аямай қолдау көрсетті, – дейді ол.
Назеркенің тәуекелшілдігіне біз де тәнті болдық. Әйел заты бір орында қарап отыра алмайды. Өзгерісті, жаңаруды үнемі жаны қалап тұратыны бар. Ол анасының еңбекқорлығынан соның ерекше қолдауынан күш жігер алатынын айтады. Енесі де оны «біздің үйдің дизайнері» деп айтады екен. Бұл жай айтылған сөз емес. Себебі орталық ішін әдемі етіп өз қолымен безендірген.
Ашылғанына бір айға жуық уақыт болса да бүгінде өзінің тұрақты тұтынушылары бар. Сондай-ақ ол балаларға дисплазия, майтабандылық, гипертонус секілді белгілеріне қарай массаж түрлерін жасайды. Орталықтың бір бөлмесі балаларға, екінші бөлмесі ересектерге арналған.
– Баласымен бірге келген ана өзіне бір уақыт қиып, демалуына көңіл бөлгенін қаладым. Себебі күйбең тірлік, бала-шаға деп көп ана өзін жоғалтып алады. Бір сәт дамылдап, демалғысы келетін болар. Жалпы жоқ нәрсені көзге көрсеткім келді. Сол себепті бас күтіміне арналған СПА қызметін қостық. Мұнан өзге ересектерге арналған емдік массаж жасалынады.
Қос жұмыстың ортасында жүріп, кейде үй тірлігіне үлгермейтін сәт те болады. Десе де екінші анам мен үлкен қызым жоқтығымды білдіртпеуге тырысады. Оларға да кәсібімді қолдап жатқанына алғысымды айтамын, – дейді кейіпкеріміз.

Бүгінде сүйікті жұмысының кілтін ұстап, массаж кәсібінің майталман маманы болған Назерке Әлібекқызының жаңа бастамасының берекелі болуына біз де тілектестігімізді білдірдік.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
28 қыркүйек 2024 ж. 195 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031