» » Жалынды жастармен кездесті

Жалынды жастармен кездесті

Жуырда аудан әкімі Жандос Еркінбек ауданымыздағы мектептердің жоғары сынып оқушыларымен табиғат аясында еркін форматта кездесу өткізді. Онда алау жағылып, ашық әңгіме өрбіді. Аудан басшысы жастарға қоғамның қозғаушы күші ретінде ерекше жауапкершілік жүктелгенін және олардың белсенділігі ел болашағы үшін аса маңызды екенін баса айтты.
– Сіздер – еліміздің тірегі, қоғамның қозғаушы күші, келешек Қазақстанның дамуына зор үлес қосатын азаматсыздар. Қазіргі таңда елімізде жастарға барлық мүмкіндік жасалған. Білім алуға, кәсіпкерлікпен айналысуға, ғылым мен өнер салаларында табысқа жетуге қолайлы жағдайлар бар. Осы ретте әрқайсысыңызға үлкен сенім артамыз. Жастардың күш-қуаты мен білімін елдің өркендеуіне арнау арқылы біз жарқын болашақты бірге құра аламыз, – деді аудан әкімі.
Сонымен қатар аудан басшысы білім саласындағы жетістіктер мен аудандағы заманауи жобаларға тоқталып өтті. Айта кетейік, аудан бойынша ҰБТ-да 85,9% орташа балмен облыста бірінші орын алды. 54 түлек «Алтын белгі», 67 түлек «Үздік аттестат» иеленді.
Білім саласы бойынша ауданда оң өзгерістер көп. Мәселен, келер жылы Жосалы мен ІІІ Интернационал ауылында «Жайлы мектеп» жобасы аясында жаңа мектеп салынады. Бұқаралық спортты дамыту үшін Ақай, Дүр Оңғар және ІІІ Интернационал ауылдарында 1,3 млрд теңгеге денешынықтыру кешендері салынуда. Сондай-ақ аудандық бюджет есебінен кент, ауылдық округтерде ойын және футбол алаңдары салынды. Облыстық бюджеттен 98 млн теңге бөлініп, 6 мектептің спорт алаңы жаңғыртылады.
Кездесу соңында аудан басшысы жастардың сұрақтарына жауап беріп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдауға әрқашан дайын екенін білдірді. Сонымен қатар жастарды өз арманына адал болып, жарқын болашақ үшін талмай еңбек етуге шақырды.
«ҚТ» ақпарат
27 қыркүйек 2024 ж. 202 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 638
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 407

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031