» » АЭС маңыздылығы ардагерлерге таныстырылды

АЭС маңыздылығы ардагерлерге таныстырылды

Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі Қармақшы аудандық Халықтық штаб мүшелері Байқоңыр қаласы, Төретам кенті мен Ақай ауылдық округінің ардагерлерімен кездесті.
Кездесу барысында болашақ энергетикалық перспективалар талқыланып, экологиялық таза энергия көздеріне көшудің тиімді тұстары айтылды.

"Жаһандық энергия тапшылығы жыл санап үдеп келеді. Барлық мемлекет сенімді және экологиялық таза энергия көзіне аса мұқтаж. Атом энергетикасы Қазақстан үшін негізгі энергия көзіне айналып, энергетикалық жүйенің тұрақты дамуына ықпал ете алады", - деді штаб мүшесі Еркін Рзалиев.

Аудандық Халықтық штаб мүшесі Сейл Жұмадьяров бүгінде елімізде электр энергия тапшылығы айрықша сезіле бастағанын жеткізді. Ол өз сөзінде кез келген маңызды шешім қарапайым халықтың қатысуымен қабылданатынын айтты. Сондай-ақ штаб мүшесі ғылым мен экономиканы дамыту үшін АЭС-тің қажеттігін түсіндірді.

Штаб мүшесі Мақсат Есбенбетов бүгінде электр энергия жетіспеушілігі экономиканың, ауыл шаруашылығының дамуына, ірі өнеркәсіптік нысандардың ашылуына және тағы басқа салаларға кедергі келтіруде. Биылғы 6 қазандағы референдумда оң шешім қабылданған жағдайда АЭС осы проблемалардың шешімі бола алады. АЭС-тің тұрақты электрмен қамтамасыз ету мүмкіндігі бар деп атап өтті.

Жиын соңында ардагерлердің сұрақтарына жауаптар беріліп, ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
20 қыркүйек 2024 ж. 305 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 632
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 403

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031