» » АЭС салуды қолдау жөніндегі Қармақшы аудандық халықтық штаб өкілдері ауыл тұрғындарымен кездесті

АЭС салуды қолдау жөніндегі Қармақшы аудандық халықтық штаб өкілдері ауыл тұрғындарымен кездесті

Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі Қармақшы аудандық Халықтық штаб өкілдері Мақсат Есбенбетов, Сейл Жұмадьяров Ақай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Кездесуде аудандық штаб мүшелері елдегі энергетика тапшылығына тоқталып, мәселенің алдын алуға бағытталған жұмыстарды атап өтті. Соның ішінде АЭС құрылысы мемлекет үшін ең тиімді жоба екенін тілге тиек етті.

"Егер біз де дамыған елдер қатарына қосылғымыз келсе, атом электр станциясы сияқты жобаларды қолға алуымыз керек. Атом электр станциясын салу экономикалық тұрғыдан да тиімді, әрі нәтижесі ұзақ мерзімді болады. Сонымен қатар халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді", - деді штаб мүшесі Мақсат Есбенбетов.

Аудандық Халықтық штаб мүшелері АЭС қауіпсіздігі, жобаның орындалу мерзімі мен ел азаматтарының жұмысқа орналасу мәселесіне де тоқтап өтті.

"АЭС құрылысы еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті қадам ғана емес, сондай-ақ төмен көміртекті экономикаға жаһандық көшу жағдайында елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды факторы болып табылады", -  деп атап өтті Сейл Жұмадьяров.

Жиында ауыл тұрғындары АЭС салу бойынша сұрақтарын қойып, штаб мүшелерінен тиісті жауаптарын алды.
13 қыркүйек 2024 ж. 368 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 339
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 201

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728