» » АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық халықтық штаб өкілдері тұрғындармен кездесті

АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық халықтық штаб өкілдері тұрғындармен кездесті

Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық Халықтық штаб өкілдері Еркін Рзалиев, Мақсат Есбенбетов, Сейл Жұмадьяров референдумның маңыздылығын түсіндіру мақсатында Төретам кенті тұрғындарымен кездесті.
Кездесу аясында аудандық штаб өкілдері Мемлекет басшысының Жолдауындағы халықтың тұрмысын жақсартуды көздейтін жүйелі экономикалық өзгерістерге назар аударып,6 қазанда өтетін АЭС салу жөніндегі референдумның Қазақстанның болашағы үшін стратегиялық маңызы зор екендігі туралы атап өтті.

"Атом энергетикасы экономиканың маңызды қозғалтқышына және жоғары технологиялық сектордың локомотивіне айналады. Іргелес салалар үшін орасан зор әсер береді және ғылыми зерттеулердің өсуіне әкеледі. Атом энергетикасы ұзақ мерзімді перспективада электр энергиясының тұрақты бағасын қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе өнеркәсіпті дамыту және еліміздің экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін маңызды", - деді Мақсат Есбенбетов.

Өз кезегінде аудандық штаб мүшелері Еркін Рзалиев, Сейл Жұмадьяров АЭС құрылысы Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті қадам ғана емес, сондай-ақ елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды факторы болып табылады деп атап өтті.

Кездесу соңында кент тұрғындарының сұрақтарына жауаптар беріліп, ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
11 қыркүйек 2024 ж. 462 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 765
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 127

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 485

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930