» » АЭС салу мәселесі Мәдениет саласы қызметкерлерімен өткен кездесуде талқыланды

АЭС салу мәселесі Мәдениет саласы қызметкерлерімен өткен кездесуде талқыланды

«4 қыркүйек күні Астана қаласында беделді саяси және қоғамдық ұйымдар АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабқа бірікті. Оның құрамына «AMANAT», «Ақ жол», «Қазақстан халық партиясы», «Ауыл», «Respublica», «Байтақ» партиялары мен 20-ға жуық республикалық қоғамдық бірлестіктер еніп, өз жұмысын бастады. Бұл ұйымдар ел аумағындағы миллиондаған адамның мүддесін білдіруде.

Штабтың мақсаты – ел арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамды АЭС-ті қолдауға жұмылдыру. Халықты атом электр станциясын салу жөніндегі прогрессивті идеясының айналасында топтастыру, қоғамға АЭС салудың маңыздылығы мен артықшылықтарын жеткізу.

Осы бағытта өңірде 9 штаб құрылған болатын. Бүгін Қармақшы аудандық Халықтық  штабының мүшелері: Ә.Қошалақов, К.Раева, А.Жарасова, Е.Транай, А.Тулебековтер Жосалы кентіндегі Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде мәдениет саласы қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында АЭС салу жөніндегі аудандық штаб жетекшісі Ә.Қошалақов АЭС салу мәселесі бойынша қазіргі уақытта Қазақстан электр энергиясының тапшылығын сезінуде және оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр. Сондықтан АЭС салу еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылып, электр жарығына тәуелсіз өмір сүруі үшін өте қажет екенін түсіндіріп өтті.

Келесі кезекте  штаб мүшесі К.Раева: «Ертеңгі күнді бүгін ойлаған дұрыс. Болашақта электр жарығының тапшылық қаупі тұрғанда АЭС салудан бас тартпай, белді бекем буып, ел болып қолдау керекпіз»,-деді.

Алдағы уақытта аудандық штаб мүшелері АЭС салу мәселесі бойынша халыққа түсіндіру жұмыстарын одан әрі жалғастыратын болады.
09 қыркүйек 2024 ж. 327 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930