» » «Жаңа Қазақстанды» құрудағы референдумның рөлі

«Жаңа Қазақстанды» құрудағы референдумның рөлі

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы жанынан құрылған республикалық штабтың мүшелері Бақытбек Смағұл және Геннадий Шиповских Қармақшы ауданы, Жосалы кенті мен Иіркөл ауылының тұрғындарына референдумның маңыздылығы мен рөлін түсіндірді. Республикалық штаб өкілдерімен бірге аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Еркусаев, аудандық мәслихат депутаты, аудандық штаб мүшесі Болат Жұмабаев және аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы, аудандық партия филиалы жанындағы штаб төрағасы Дастан Буханов қатысты .
Кездесуде депутаттар Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумның маңызы мен мақсаты туралы айтты.
«Конституциялық референдум мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп, елдегі саяси ахуалға жаңа дем береді. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясының нақты жүзеге асуының дәлелі. Сонымен қатар мажоритарлы сайлау жүйесінің енгізілуі сайлаушылардың республикалық ғана емес, жергілікті жердегі де мүддесін жіті қорғауға мүмкіндік туғызады» - деді республикалық штабтың мүшесі Геннадий Шиповских.
Сонымен қатар, штаб мүшелері ауыл тұрғындары тарапынан айтылған қазақ тілінің мәртебесі, баға тұрақсыздығы, ауданға үлкен көлемді жұмыс көзін ашу сынды ұсыныстары мен сауалдарын тыңдады.
Мәжіліс депутаттары қойылған сауалдарға тиісінше жауап беріп, ұсыныстарды қабылдап, ауыл азаматтарын Президентіміз ұсынған оң өзгерістер мен реформалардың іске асуына және жалпыұлттық референдумды қолдауға шақырды.
20 мамыр 2022 ж. 813 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№46 (10414)

24 маусым 2025 ж.

№45 (10413)

20 маусым 2025 ж.

№44 (10412)

17 маусым 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 964
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30