» » Аудандық Халықтық штаб өкілдері су шаруашылығы қызметкерлерімен кездесті

Аудандық Халықтық штаб өкілдері су шаруашылығы қызметкерлерімен кездесті

Кездесуде Мемлекет басшысының атом электр стансасын салу бойынша Республикалық референдум өткізу туралы жарлығы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Штаб өкілдері АЭС салу мәселелеріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, АЭС маңыздылығы жайлы сөз сөйледі.
Жиынға қатысушылар өздерін толғандырған радиациялық қауіпсіздік пен экологиялық әсерлер туралы сұрақтарын қойды.

«Атом электр станциялары көмірқышқыл газын шығармайды, бұл климаттың өзгеруімен күресте маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, жаңа АЭС III+ буын реакторларымен жабдықталған, олар пассивті және белсенді қауіпсіздік жүйелерін үйлестіреді.Бұл реакторлардың қауіпсіздік жүйелері адамдардың араласуынсыз автоматты түрде жұмыс істейді, апаттық жағдайларды болдырмау үшін көп қабатты қорғаныс механизмдерімен жабдықталған», – деп жауап берді штаб мүшесі Е.Ұзақбаев.

«Атом электр станциясы – біздің елдің энергетикалық болашағына сенімді қадам. Ол энергетикалық тәуелсіздікті нығайтып, экологиялық жауапкершілікті арттырады», – деді штаб мүшесі Ә.Мерекова

Кездесуге қатысушылар өздерінің сұрақтарын қойып, АЭС құрылысының елдің энергетикалық болашағына қосатын үлесі туралы кеңінен ақпарат алды. Халықтық штаб қоғаммен ашық диалог жүргізуді жалғастырады және алдағы уақытта да осындай кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.
12 қыркүйек 2024 ж. 282 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 597
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 377

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031