» » АЭС – Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігінің кепілі

АЭС – Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігінің кепілі

Спорт саласы мамандарымен кездескен аудандық Халықтық штаб өкілдері АЭС салудың елдің энергетикалық тәуелсіздігі мен қауіпсіздігі үшін маңыздылығын талқылады.

Спорт саласы қызметкерлері АЭС құрылысының экологиялық таза, тұрақты және сенімді энергия көзі екендігі туралы ақпарат алды.
«Еліміздегі АЭС жобасын іске асыру кезеңінде 8 мыңға жуық жұмыс орны құрылса, стансаның жұмысы кезінде 2 мың адам жұмыспен қамтылады. Сондай-ақ, АЭС-тегі әрбір жұмыс ілеспе салаларда 10-ға дейін жұмыс орнын ашады, бұл еңбек нарығына айтарлықтай оң әсер етеді. Осыған байланысты атом электр стансасын салу әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан да ең тиімді шешім болмақ», – деп атап өтті Халықтық штаб жетекшісі Ә.Қошалақов.

Сонымен қатар, АЭС құрылысының жергілікті экономиканы дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік болатыны жайлы сөз болды.
«Атом электр станциясында өндірілетін электр энергиясының құны басқа энергия көздерімен салыстырғанда жоғары болмайды, өйткені ондағы отынның бағасы тұрақты және энергия сыйымдылығы жоғары. Сонымен қатар станцияның қызмет ету мерзімі 60 жылды құрайды, оны 80 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі бар» - деді Халықтық штаб мүшесі А.Тулебеков.

Жиынға қатысушылар Халықтық штаб мүшелеріне өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сұрақтарына толыққанды жауап алды.Сонымен қатар АЭС салу жобасын қолдайтындықтарын жеткізді.
16 қыркүйек 2024 ж. 354 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 378
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 152

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930