Құрылтай
» » АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың мүшелері кездесу өткізді

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың мүшелері кездесу өткізді

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың мүшелері Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Колледж қызметкерлері атом электр станцияларының экологиялық және экономикалық артықшылықтары туралы толық ақпарат алды.

Қазақстанның энергетикалық жүйесін әртараптандыру үшін атом энергетикасы маңызды рөл атқарады. «Қазіргі уақытта еліміздегі электр станцияларының көпшілігі ескірген және олардың тиімділігі төмен. АЭС салу арқылы біз тек энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын құрып, аймақтардың инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік аламыз», – деді штаб мүшесі Ә.Құлдүйсенов.

Колледж ұжымы АЭС-тің елдің болашағы үшін стратегиялық маңызы бар екенін түсініп, жобаны қолдауға дайын екендерін білдірді.

Кездесу барысында Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көміртегі бейтараптығына жету жолдары және АЭС құрылысының артықшылықтары туралы сөз қозғалды.

Кездесуге қатысушылар өздерінің сұрақтарын қойып, АЭС құрылысының елдің энергетикалық болашағына қосатын үлесі туралы кеңінен ақпарат алды. Халықтық штаб қоғаммен ашық диалог жүргізуді жалғастырады және алдағы уақытта да осындай кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.
16 қыркүйек 2024 ж. 353 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 700
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31