» » Байқоңырда «Халықтар достығы» фестивалі өтті

Байқоңырда «Халықтар достығы» фестивалі өтті

Фестиваль халықтар арасындағы достықты нығайтуға, ұлттық мәдениеттің өзіндік ерекшелігін ашу, әртүрлі этностардың көзқарасына, нанымына, рухани және эстетикалық құндылықтарына төзімділікті қалыптастыру және ұлтаралық байланыстарды нығайту мақсатында ұйымдастырылуда.

Іс-шараның салтанатты ашылуы қаланың орталық алаңында өтті. Фестивальдің ашылуында облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин мен қала қонақтары сөз сөйлеп, мерекемен құттықтады. Қайрат Ырзақұлұлы өз сөзінде ұлттық мәдениет фестивалі Байқоңыр мен Қызылорда облысында тұратын түрлі этнос өкілдері үшін үлкен достық мерекесіне айналғанын тілге тиек етті.

Фестиваль бағдарламасына «Достық» шеруі, «Ғасырлар тереңінен!» ұлттық тағамдардың көрме-байқауы, «Шеберлер қаласы» сәндік-қолданбалы шығармашылығының  және «Халықтар достығы, халық байлығы» бейнелеу шығармашылығының байқау-көрмесі, «Достастық» командалық эстафетасы, «Халық ойындары» спорттық жарыстары, «Достық дөңгелек биі» және «Байқоңыр – менің қалам» байқауы кірді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясынан  келген өкілдерінен, қалалық кәсіпорындар, мекеме мен ұйымнан құралған топтар қатысты.

Орталық алаңда «Ғасырлар тереңінен!» ұлттық тағамдардың көрмесінде әртүрлі халықтардың тағамдары ұсынылды. Онда түрлі-түсті экспозициялар ұлттық талғаммен және үлкен қиялмен ұштасқанын байқадық. Ал «Шеберлер қаласы» сәндік-қолданбалы шығармашылығының байқау-көрмесінде шеберлік сыныптары көрсетілсе, шеберлер жұмыс жасау тәжірибесі мен шеберлігімен бөлісті.
Мұнан соң, «Халық ойындары» спорттық жарыстары ұйымдастырылды. Қатысушы командалар жүлделі орындар үшін белсенді күрес жүргізді.
«ҚТ» ақпарат
13 қыркүйек 2024 ж. 241 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 421
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 229

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930