» » Байқоңырда ғарышкерлер күні аталып өтті

Байқоңырда ғарышкерлер күні аталып өтті

qarmaqshy-tany.kz Жылдағы дәстүрмен 12 сәуір – Ғарышкерлер күні мерекесіне байланысты Байқоңыр қаласындағы орталық алаңда тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин ескерткіші алдынан бастау алған мерекені қала тұрғындары жоғары дәрежеде атап өтті.

Салтанатты шараға Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы, «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясым«Байқоңыр» кешеніндегі филиалының басшысы, басқа да жергілікті мекеме басшылары мен өкілдері, қала тұрғындары қатысты.

Мерекелік шарада одан әрі қаланың зиялы қауымы, қала қонақтары, тұрғындармен бірге Юрий Гагариннің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімін жасап, митинг өткізді.
Митингке қатысушылар облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин, «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы «Байқоңыр» кешеніндегі филиалының басшысы Игорь Дмитриевтің тақырып аясында сөйлеген сөзі мен құттықтауына назар аударып, КСРО ғалым-конструкторы, КСРО Ғылым академиясының академигі Сергей Королевтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Мерекелік шаралар аясында Байқоңыр қаласының білім беру мекемелерінің оқушылары арасында жеңілатлетикалық «Гагарин эстафетасы» ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, шараға оған қатысушылар дүниежүзілік авиация және космонавтика күні, Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуының 62 жылдығы және алғашқы әйел ғарышкер Валентина Терешкованың ғарышқа ұшуының 60 жылдығына байланысты қалалық «Сатурн» киноконцерт залында ғарышта түсірілген әлемдегі алғашқы «Вызов» атты көркем фильмінің тұсаукесерін тамашалады.

Мерекелік салтанатта Байқоңыр қаласы өнерпаздары ән мен биден шашу шашып, қала тұрғындарына мерекелік көңілкүй сыйлады.

Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
15 сәуір 2023 ж. 426 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 412
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 209

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930