Байқоңырда дүниежүзілік авиация және ғарыш күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтуде
12 сәуірде бүкіл әлем әуе және ғарыш күнін атап өтеді. Адамның алғашқы ғарышқа ұшқан күні бүгінде мереке болып саналады. Бұл ерекше күн — ғылымның салтанат құрған күні және бүгінде ғарыш саласында жұмыс істейтіндердің барлығының ортақ мерекесі болып табылады.
Қазіргі таңда Байқоңырда мерекелік іс-шаралар өтуде. Бүгін Дүниежүзілік авиация және Ғарыш күні ғана емес, сонымен қатар әлемдегі алғашқы әйел ғарышкер, Кеңес Одағының Батыры В. В. Терешкованың ұшуына 60 жыл толып отыр.
Қала қонақтары мен тұрғындары Ю. А. Гагарин атындағы аллея маңындағы митингке қатысты. Мұнда Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин, Байқоңыр ғарыш айлағындағы "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясы филиалының директоры Игорь Дмитриев және "Байқоңыр" кешеніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің Арнайы Өкілі Қайрат Нұртай сөз сөйлеп, мерекемен құттықтады. Белгілі өкілдер және қала тұрғындары С. П. Королев пен Ю. А. Гагарин ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Сондай-ақ, қаланың білім беру мекемелерінің оқушылары арасында "Гагаринский старт" жеңілатлетикалық эстафетасы, салтанатты жиналысы өтеді. "Сатурн" киноконцерт залында алғаш рет "Вызов" көркем фильмі көрсетіледі.
"Вызов" - Клим Шипенконың алдыңғы қатарлы ресейлік көркем фильмі. Фильмнің бір бөлігі халықаралық ғарыш станциясында түсірілген. Кино экипажының алғашқы мүшелері-актриса Юлия Пересильд пен режиссер Клим Шипенко-2021 жылдың 5 қазанында ғарышқа ұшқан болатын.