» » Қазақ әншілері Байқоңырда

Қазақ әншілері Байқоңырда

Осыдан тура 65 жыл бұрын «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыштық дәуірдің басталуына даңғыл жол ашылды.
1957 жылы 4 қазанда адамзаттың ғарыш саласына деген үлкен жетістігі ретінде тіркелген алғашқы Жердің жасанды серігі ұшырылды.
Айтулы мереке қарсаңында Байқоңырда мерекелік шара ұйымдастырылып, ғарыш айлағының дамуына үлесін қосқан бірқатар азамат «Байқоңыр қаласының құрметті азаматы» атағын иеленді.
Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Ырзақұлұлы Нұртай қатысып, қала тұрғындары мен ғарыш саласы қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтады.
Сонымен қатар, мереке қарсаңында Байқоңыр қаласының Мәдениет сарайында «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мекемесінің ұйымдастыруымен «Қазақ деген халықтың еркесімін» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Онда байқоңырлықтарға арнап Мақпал Жүнісова, Бағдат Самединова, Айжан Нұрмағамбетова, Раушан Оразбаева, Құрмаш Махан сынды бірқатар өнер қайраткерлерінен құралған «Қазақконцерт» ұжымы өнер көрсетті.
08 қазан 2022 ж. 800 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 754
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 117

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 479

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930