» » 21 қыркүйекте Байқоңырдан «Союз МС-22» ғарыш кемесі ұшырылады

21 қыркүйекте Байқоңырдан «Союз МС-22» ғарыш кемесі ұшырылады

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр ғарыш айлағында «Союз МС-22» ғарыш кемесін ұшыруға дайындық жұмыстарының соңғы кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін таңертең «Союз МС-22» басқарылатын кемесі бар «Союз-2.1а» зымыран-тасымалдағышын «Байқоңыр» ғарыш айлағының 31-ші алаңына шығару және орнату жұмыстары басталды. Ұшырылымға дейін үш күн қалды.
Ғарыштық мақсаттағы ракета монтаждау-сынақ корпусынан шығарылды. Онда оның жалпы құрастыру және сынақ жұмыстары жүргізілді. Ракета теміржолмен «Восток» ұшырылым кешеніне жеткізілді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2022 жылдың 5 қыркүйегінде Байқоңыр ғарыш айлағына келген Халықаралық ғарыш станциясының (ХҒС) 68-ші ұзақмерзімді экспедициясының қатысушылары екі аптадан бері Байқоңырда ұшырылым алдындағы дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Союз МС-22» кемесі бар «Союз-2.1 а» зымыранын ұшыру 2022 жылғы 21 қыркүйекке жоспарланған. Негізгі экипаж құрамында ресейлік ғарышкерлер Сергей Прокопьев пен Дмитрий Петелин, сондай-ақ Рокскосмос пен НАСА арасындағы келісім негізінде ұшатын америкалық астронавт Франциско Рубио бар.
19 қыркүйек 2022 ж. 911 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 226
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 404

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30