» » Байқоңырдан «Союз МС-11» ғарыш кемесі ұшырылды

Байқоңырдан «Союз МС-11» ғарыш кемесі ұшырылды


БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Бүгін, 3 желтоқсан күні 17 сағат 31 минут 52 секундта Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-11» көліктік басқарылатын кемесі бар «Союз - ФГ» зымыран-тасығышы сәтті ұшырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық ғарыш станциясы (ХҒС) кемесі бортының экипаж құрамында кеме командирі, ресейлік ғарышкер Олег Конаненко, №1 бортинженер, канадалық Давид Сен-Жак және №2 бортинженер, америкалық ғарышкер Энн Макклейн бар.

Байқоңыр ғарыш айлағы мен Ұшу сапарларын басқару орталығының хабарламасына сәйкес, ұшырылым процесі штатты режімде өтті. Есептелген уақытта «Союз МС-11» кемесі зымыран-тасығыштың үшінші сатысынан ажырап, орбитаға шықты. Экипаж өзін жайлы сезінуде.

Ғарыш кемесінің ХҒС-пен түйісуі «қысқа» сызба бойынша автоматты режімде жүзеге асырылады деп жоспарланған. Старттан соң алты сағат өткеннен кейін ХҒС 58/59 экспедициясының экипажы ХҒС-ға жетуі тиіс.

Айта кетейік, қазіргі таңда ХҒС-та ресейлік ғарышкер Сергей Прокопьев, Еуропалық ғарыш агенттігінң астронавты Александер Герст пен америкалық астронавт Серена Ауньон Ченселлор жұмыс істеп жатыр. Он күннен кейін олардың Жерге оралуы күтілуде. Осыдан «Союз МС-11» кемесінің командирі Олег Кононенко экипажы станцияға келіп, бірден ХҒС командирі міндетін өзіне алады.

ХҒС - 58/59 экипажына көптеген ғылыми тәжірибелерді іске асыру міндеті жүктелген.

inform.kz
03 желтоқсан 2018 ж. 1 485 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

№10 (10478)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 415
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 258

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728