» » Байқоңырда жазғы ұшырылымдарға дайындық жүріп жатыр

Байқоңырда жазғы ұшырылымдарға дайындық жүріп жатыр

«Байқоңыр» ғарыш айлағында Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) әуе кемелерін ұшыруға дайындық жұмыстары қарқынды жүруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазіргі таңда «Союз-ФГ» зымыран тасығышының бірінші және екінші саты блоктарын механикалық құрастыру аяқталды. Ол 2019 жылғы 20 шілдеде жаңа ұзақмерзімді экспедиция мүшелерін Халықаралық ғарыш стансасына жеткізетін «Союз МС-13» әуе кемесін орбитаға шығаруы тиіс. Бұл туралы «Роскосмос» баспасөз қызметінен хабарлады. Негізгі экипаж құрамына ғарышкер Александр Скворцов, астронавтар Лука Пармитано мен Эндрю Морган, сондай-ақ қосалқы құрамға - Сергей Рыжиков, Томас Маршбёрн және Соичи Ногучи кірді.
«Союз МС-13» экпаждары алдағы аптада Байқоңырға келеді деп жоспарланған. Сонымен қатар «Союз МС-14» транспорттық кемесін ұшыруға да дайындық жұмыстары жүрп жатыр. Роскосмос мамандары оны вагоннан шығарып, сынақ алаңына қойды. Жақын арада «Союз» тексеріліп, жерүсті тексеру аппаратурасына коммуникация жалғанады. «Союз МС-14» ұшыру биылғы 22 тамызға жоспарланған. ОЛ ұшқышсыз режімде жүргізіледі.
01 шілде 2019 ж. 975 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 866
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30