» » Байқоңыр қаласында алтыншы "Халықтар достығы" қалалық ұлттық мәдениеттер фестивалі өтті

Байқоңыр қаласында алтыншы "Халықтар достығы" қалалық ұлттық мәдениеттер фестивалі өтті

Дәстүрлі фестивальдің ашылуында облыс әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің “Байқоңыр” кешеніндегі арнаулы өкілі Қ.Нұртай, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы К.Бусыгин, қаланың құрметті азаматы А.Тәжібаев және қала қонақтары сөз сөйлеп, ұлттар достығының, татулық пен бірліктің, ынтымақ пен жасампаздықтың маңыздылығын атап өтіп, жиналғандарды мерекемен құттықтады.

«Халықтар достығы» фестивалі қаламыздың ең маңызды мерекелерінің бірі. Бұл ұлттық мәдениеттер мен дәстүрлердің, достықтың, келісімнің, бейбітшілік пен бірліктің мерекесі. Іс-шара қаланың мекемлерінен, білім беру ұйымдарынан құрылған "Қазақстан мен Ресей халықтары достығы шеруі" байқауына қатысушылар бағандарының шеруінен басталды.

Шерудің құрметті қонақтары болып Қызылорда облысы әкімдігінің Қоғамдық келісім кеңесінің Татар, Неміс этномәдени бірлестігтері, "Вайнах" шешен этномәдени бірлестігі, «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығы мен Каменск-Орал қаласының шығармашылық делегациялары өнер көрсетті.

Фестиваль қонақтарына "Ғасырлар тереңінен!" ұлттық тағамдар көрмесі-байқауы, "Шеберлер қаласы" сәндік-қолданбалы шығармашылығы және ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.

Күндізгі іс-шаралар блогы қорытындылармен және конкурстық бағдарламалардың жеңімпаздарын марапаттаумен аяқталды.
16 қыркүйек 2023 ж. 355 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 417
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 221

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930