» » Қала күні мерекеленді

Қала күні мерекеленді

qarmaqshy-tany.kz «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен жұлдызды шаһардың құрылғанына 68 жыл толу мерекесіне орай ұйымдастырылған мерекелік шаралар қаладағы «Байқоңыр қаласының 65 жылдығына» арналған ескерткіш алдына гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды.
Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі мен Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы және бірқатар ғарыш кешендері, жергілікті мекеме басшылары, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Мерекелік шара одан әрі қалалық Мәдениет үйінде өткен салтанатты шараға ұласты. Онда облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай қала әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгинге облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қала күнімен құттықтауын табыстап, мерекелік жылы лебізін білдірді.

Сондай-ақ, «Байқоңыр» кешенінің дамуына үлес қосып, қаланың өсіп-өркендеуіне еңбек сіңірген Әбдіқадыр Тәжібаевқа, Қарасай Нұровқа, Алексей Кузьминге, Андрей Заровскийге, Сергей Кудь-Сверчковқа, Дмитрий Чистяков пен Михаил Яшуков сынды қала тұрғындарына «Байқоңыр қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Салтанат одан әрі қала өнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасты.
Іс-шара аясында қала тұрғындары облыстық өлкетану мұражайы ұжымының ұйымдастырған ұлттық құнды жәдігерлер, суреттер, әшекейлер көрмесін тамашалады.

«Байқоңыр» ғарыш айлағы мен қаланың құрылғанына 68 жыл толу мерекесінің кешкі бөлігі Орталық алаңда мерекелік концертке ұласты. Онда облыстық филармония әртістері мен қаланың жас өнерпаздары өнер көрсетті.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
13 маусым 2023 ж. 503 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 401
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 202

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930