» » Достықты дәріптеген жастар қозғалысы

Достықты дәріптеген жастар қозғалысы

qarmaqshy-tany.kz Ғарышкерлер қалашығында “Байқоңыр болашағы” жастар қозғалысының құрылғанына 3 жыл толуына байланысты қалалық мәдениет сарайында салтанатты жиын өтті.
Жиынға облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкі лі Қайрат Нұртай, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин және ғарыш саласы мен жергілікті мекеме басшылары, қала жастары, қоғам белсенділері қатысты.

Салтанатты жиында Қайрат Ырзақұлұлы мен Константин Бусыгин құттықтау сөз сөйлеп, «Байқоңыр болашағы» қала лық қозғалысының ұлтаралық қарым-қатынастың жоғары мәдениеті бар үйлесімді дамыған, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді әрі пайдалы ұйымдастыруға арналған еріктілер бірлестігі екенін айтты.

Жұлдызды қалашықта жастар саясатын дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды саралап, Байқоңыр қаласының дамуына өзіндік үлес қосқан бір топ белсенді жастарға, қозғалыс мүше леріне Алғыс хат тапсырып, құрмет көрсетті.
Салтанатты жиын соңы қала өнерпаздарының концерттік бағдарлама сына ұласты.
С.Дат
30 мамыр 2023 ж. 402 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

№38 (10406)

24 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 858
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30