» » «Жұлдызды қала» облыстық жастар слеті өтті

«Жұлдызды қала» облыстық жастар слеті өтті

qarmaqshy-tany.kz Жуырда аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес Байқоңыр жастарын қолдауға бағытталған 2022-2025 жылдар аралығындағы кешенді іс-шаралар жоспары қабылданды. Бүгін кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен Байқоңыр қаласында "Жұлдызды қала" облыстық жастар слеті өтті.
Слетке Қызылорда, Байқоңыр қаласының және барлық аудан жастары, Қазақстан Республикасының Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының бөлім басшысы Кушкимбаева Гулсара Әбдіқадырқызы, Байқоңыр қаласының әкімшілігі «Мәдениет, жастар саясаты, туризм және спорт» басқармасының басшысы Ким Жанар Нукатаевна қатысты.
Слет аясында жастар саясаты бағытындағы арнайы секциялық жұмыстар жүргізіліп, тәжірибе алмасу болды. Аймақ жастарының қатысуымен слеттің пленарлы отырысы өткізіліп, Байқоңыр қаласының белсенді жастары арнайы алғыс хатпен марапатталды.
Мұнымен қоса, слетке жиналған жастар ғарыш айлағымен, айлақ мұражайымен және "Будущее Байконура" жастар орталығының жұмыстарымен танысты.
29 қараша 2022 ж. 611 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 041
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 709

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031