» » БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

 
Бүгін қаламыздың барлық білім ордаларында жаңа оқу жылы басталып, мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге алғашқы қоңырау соғылды.
Осы орайда, Білім күніне арналған «Мектебім – мейірім мекені!» тақырыбында №275 орта мектебінде өткен салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қ.Ы. Нұртай арнайы қатысып, жиналғандарды мерекемен құттықтады.
Қ. Нұртай өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен еліміздің барлық аумақтарында білім мен ғылымның дамуына аса мән беріліп, жастарды оқуға, жаңа ғылым мен білімді игеруге, қолайлы жағдайлар жасалып жатқанын, облыс әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен облысымыздың білім саласында мақсатты жұмыстар қолға алынып, ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
Салтанатты жиынға ардагер ұстазы А.Жалиева, академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінің директоры А. Дәуленбаев, Байқоңыр қаласының құрметті азаматы Қ.Е.Нуров қатысты.
Бұдан бөлек, Қайрат Ырзақұлұлы қаладағы мектептердің жәй-күйімен, жылу беру маусымына дайындығымен танысып, әр мектептің ыстық тамақпен қамтамасыз етілу деңгейін қарады. Сонымен қатар, мектептерді аралау барысында бітіруші түлектермен, ұстаздар қауымымен және ата-аналармен кездесіп алдағы оқу жылына сәттілік тілей отырып, білім саласындағы жаңалықтар мен бастамалар туралы хабардар етті.
Сондай-ақ, Қайрат Ырзақұлұлы №272 орта мектебінің жұмысымен танысу барысында ерекше білім беруді қажет ететін 1 сынып табалдырығын аттағалы тұрған оқушыларға «Әліппе» оқулығы табысталып, білім баспалдағындағы қадамдарына сәттілік тіледі.
Айта кету керек, бүгін қаламыз бойынша 5152 оқушы алтын ұяларына тағы бір белесті бағындыру үшін оралды, 521 бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттап, "Әліппені" қолға алды.
01 қыркүйек 2024 ж. 235 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 210

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930