» » Байқоңыр қаласында орналасқан білім ордасында «Абайтану – рухани құндылықтар орталығы» ашылды

Байқоңыр қаласында орналасқан білім ордасында «Абайтану – рухани құндылықтар орталығы» ашылды

qarmaqshy-tany.kz Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғарғы колледжінде «Абайтану – рухани құндылықтар орталығы» ашылды.
Салтанатты жиынға Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Ырзақұлұлы Нұртай, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ә.Ж.Ізімбетов, аймақ ардагерлері мен басқа да оқу орындарының басшылары қатысты.
Орталықтың негізгі мақсаты - Ұлы Абайдың мұрасын, шығармашылығын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау.
Осы орайда, аталған оқу орнында «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» тақырыбында ғылыми конференция өткізілді.
Айта кететін болсақ, бүгінгі күні С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғарғы колледжінде 293 студент білім алуда. Сонымен қатар, 36 инженер-педагог 8 мамандық, 16 біліктілік бойынша мамандар дайындайды.
22 желтоқсан 2022 ж. 785 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 073
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 285

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031