Құрылтай
» » Алғашқы қоңырау соғылды

Алғашқы қоңырау соғылды

qarmaqshy-tany.kz Жосалы кенті орталығындағы А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінде 1 қыркүйек - Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Салтанатты іс-шараға Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Смағұлов Самат Қыдырбекұлы арнайы қатысты.
Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары барлық ұстаздар қауымы мен оқушыларды, ата-аналарды және мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушыларын жаңа оқу жылының басталу салтанатымен құттықтап сәттілік тіледі. Мектеп табалдырығын тұңғыш аттаған жас бүлдіршіндер үшін ерекше күн болды.
Жас бүлдіршіндер салтанатты жиын барысында ән айтып, өлең шумақтарын тарту етті.
Салтанатты шара соңында мектептің үздік оқушылары және мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндер алғашқы қоңырау соғып,«Мектебім-мейірім мекені» тақырыбындағы тәрбие сағатына жалғасты.
01 қыркүйек 2023 ж. 753 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 650
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 108

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31