» » Ең қымбат, ең қимас сәт!

Ең қымбат, ең қимас сәт!

Міне, тағы бір оқу жылы аяқталып, мектебін бітіріп, қияға қанат қағатын жас түлектер үшін ең қымбат, ең қимас, ең бір ұмытылмас жүрек тебірентер сәт, соңғы рет қоңырау сыңғырлады. Бұл балалық балдәуреннің бір белесі.

Биылғы соңғы қоңыраудың ерекшелігі – халықаралық Балалар күнімен тұспа-тұс келгені. Бейсенбі күні еліміздің барлық өңіріндегі білім ордасында күміс қоңыраудың сыңғыры естіліп, жұртшылық түлектерге сәттілік тіледі. Бұл күні он бірінші сыныпты бітірушілер өмір айдынына жолдама алса, былтыр мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер бір сатыға көтеріліп, ата-ана мен ұстаздың көз қуанышына айналды. Соңғы қоңыраудағы салтанатәрбір жанның көңіл түкпірінде қалатын, санаңда сақталатын сәттердің бірі. Сол бір балалық шақтың ерекше естелігі ретінде өзіне әрдайым тартып тұратыны да жасырын емес.

Осындай естелікке толы ерекше күні біз де кент орталығындағы Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейден табылдық. Арман мен мақсат жетелеген жас түлек, үкілеген үмітінің мектеп бітіргеніне қуанған ата-ана, бір жылды артқа қалдырған бүлдіршін, қимастық сезімі басым ұстаздар бұл кештің сәні болды. Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Жандос Еркінбек, аудандық ардагерлер және қоғамдық кеңес төрағалары Асқар Мереков пен Әбдірахман Құлдүйсенов арнайы келіп, оқу жылының аяқталуымен құттықтады.

Аудан басшысы ұстаздар мен мектеп түлектерін балалар күнімен тұспа-тұс келген соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, сәттілік тіледі. Сондай-ақ, білім беру саласына үлес қосқан ұстаздардың еңбегін ерекше атап өтіп, мектеп бітіруші түлектерге үлкен үміт артатынын жеткізді.

Ата-аналар атынан сөз алған Сәлима Ертайқызы ұстаздар еңбегін жоғары бағалап, алтын ұядағы білім мен тәрбие алдағы уақытта өз жемісін беретініне сендірді. Жас түлектер ұстаздарына алғыстарын айтса, ұстаздары 11 жыл бойы білім алып, бозбала мен бойжеткендер қатарына бет алған шәкірттеріне сәт сапар тіледі. Балалықтың балшағын артқа тастап, үлкен өмірдің табалдырығын аттағалы тұрған мектеп түлектері мектеп вальсін сән-салтанатпен билеп, бірінші сынып бітірген бүлдіршіндермен соңғы қоңырау соқты. Оқушылар үшін оқу жылының аяқталуына орай кезекті қоңырау қағылса, бітіруші түлектер үшін оқушы кезеңіндегі қоңырау соңғы рет соғылды. Осылайша «мектеп» атты кемел білім кемесі жалынды жолаушыларын үлкен өмірге тағы бір мәрте шығарып салды.

Айта кеткен жөн, биыл аудан бойынша 655 оқушы мектеп бітіруде. Оның ішінде 566 оқушы Ұлттық бірыңғай тестілеуде бақ сынайды. Олардың арасынан 46 түлек «Алтын белгіге», 68 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер. Арманға қол созып, ата-ана мен ұстаздың үмітін арқалаған түлектерге ақ жол!

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
05 маусым 2023 ж. 294 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031