» » Қармақшы ауданы мектептерінде соңғы қоңырау соғылды

Қармақшы ауданы мектептерінде соңғы қоңырау соғылды

qarmaqshy-tany.kz Бүгін Қармақшы ауданындағы барлық білім беру ұйымдарында соңғы қоңырау үні сыңғырлады.
Аудан әкімі Жандос Еркінбек адандық ардагерлер және қоғамдық кеңес төрағаларымен бірге №250 мектеп-лицейінде өткен салтанатты іс-шараға қатысты.
Аудан басшысы ұстаздар мен мектеп түлектерін балалар күнімен тұспа тұс келген соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, сәттілік тіледі. Сондай-ақ, білім беру саласына үлес қосқан ұстаздардың еңбегін ерекше атап өтіп, мектеп бітіруші түлектерге үлкен үміт артатынын жеткізді.
Одан соң мектеп оқушылары дайындаған концерттік бағдарламасын тарту етіп, іс-шара соңында мектеп бітіруші түлектер қоштасу вальсін билеп, соңғы қоңырау соғылды.

Айта кетейік, биыл аудан бойынша 655 оқушы мектеп бітіруде. Оның ішінде 566 оқушы Ұлттық бірыңғай тестілеуде бақ сынайды. Олардың арасынан 46 түлек «Алтын белгіге», 68 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер.
01 маусым 2023 ж. 664 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 047
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 712

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031