» » Бейбіт елдің алтын арқауы – Ата заң

Бейбіт елдің алтын арқауы – Ата заң

Қай ел, халық, мемлекет болмасын ежелден тәртіпке, ереже, заңдарға бағынып келді. Осы аталған құжаттардың негізінде ел басқарды, көрші елдермен қарым-қатынасқа барды. Өркениетті мемлекеттердің барлығында дерлік негізгі заң – Конституция қабылданған.


Адами құндылықтар басты орынға қойылып, құқықтық теңдікке басымдық берілген бас құжаттың біздің елімізде 1995 жылы 30 тамызда қабылданғаны белгілі. Ел өмірін түбегейлі өзгертіп, құқықтық салаға үлкен бетбұрыс жасаған бұл тарихи датаның халқымыз үшін аса қастерлі, ерекше бағалы болатыны сондықтан.

Қазақ хандығының тұсында елді біріктіріп, билеуге лайықтанып жасалған тарихта «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Тәуке ханның Жеті жарғысы» деген атпен қалған заңдар, сонымен қатар, әр өңірде қабылданған әдет-ғұрып ережелері қазақтың ішкі бірлігін, тұрақтығын, беріктігін сақтап қана қоймай, халықты бір тәртіпке бағынуға да үйретті.

1991 жылы еліміз Тәуелсіздік алып, өз Ата заңымызға ие болдық. Бүкіл халық болып референдумда қабылдаған Ата заңымызды басшылыққа алып, қоғам мен мемлекетімізді жаңартуда айтарлықтай табыстарға жеттік. Ел Конституциясы – мемлекет пен қоғамға қызмет етуі үшін қажетті шарттарды анықтайтын, негізгі нормалар мен институттар бекітілген еліміздің рәмізі және басты саяси-құқықтық құжаты.
Конституция – бабалардың даналығы мен қазіргі заманның рухын бірлестіріп,үйлестірген, жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың теңдігін тегіне қарамастан бекіткен ұлы құжаты, мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі болды. Бүгінгі Конституциямыздың басқа Конституциялардан артықшылығы – ең бірінші, мемлекет ретінде жеке адамға аса құрметпен қарайтындығында. Бірінші бапта «Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» делінсе, үшінші бапта «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деп баса көрсетіледі.

Иә, Ата заңымыз өзінің заман талабына лайықты екенін дәлелдеп, осы жылдар аралығында елімізде құқықтық мемлекет орнап, әлемнің өркениетті мемлекеттерімен жан-жақты экономикалық-саяси тең дәрежеде қарым-қатынас қалыптасып, көптеген реформалар жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда мемлекетіміздің Ата заңы Қазақстанның қарқынды саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуының сенімді құқықтық іргетасына айналғанын көрсетіп отыр.


Мемлекетіміздің ең басты байлығы – адам, оның бостандығы мен құқықтары. Бұл мәселе Ата заңымызда басты орында. Құжат бойынша адамның толыққанды өмір сүріп, білім алуына, денсаулығын түзеуіне, демалуына, сүйікті ісімен айналысуына, ар-ожданына біреудің қол сұқпауына  бар жағдай жасалды.

Ата заңымыздың  қабылданған 29 жыл ішінде елімізді әлем толықтай танып, көк байрағымыз асқақтай желбіреді. Ұлттық рухымыз көтерілді, тұғырымызды биіктетті.

Дайындаған Ақнұр САҒЫНТАЙ
30 тамыз 2024 ж. 99 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 280

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 375

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930