» » Жауапты саланың жанашыр маманы

Жауапты саланың жанашыр маманы

Мамандығына шын берілген адамның сөзі де, көзі де алдамайды екен. Жақында Ақай ауылына барған сапарымызда өз ісіне шын берілген жанның кәсібін көріп біз де шабыттанып қайттық.
Бүгінде емханаға бара қалсаңыз баласын құшақтап жүрген ата-ананы жиі кездестіріп жатамыз. Дәрігердің кезегінде тұрған аналардың да қарасы қалың. Көбісі жаңа туған сәбиін көрсетуге алып келеді. Ауырмай баланың өспейтіні белгілі ғой. Дегенмен бұл сіз бен біз жақсы білетін суық тию не болмаса іш қату деген аурулар емес. Аты да, заты да басқа аурудың түрі көп. Ал енді ғана баласын құшағына алған ана мұндай қиындықтарға кездескенде абдырап қалып жатады. Сол себепті жаңа туған нәрестенің дене бітімінің дұрыс қалыптасуы үшін массаждың септігі көп.

Анаргүл Мамбетова Байқоңыр қалалық емханасында балалар массажисты болып еңбек етеді. 25 жылға жуық бір жұмыста табан ауыстырмай еңбек ететін оның жұмысына деген жанашырлығы байқалады.

Бір жұмыста қарап отыру маған жат нәрсе.  Жұмыстан тыс та жүргізетін кәсібім бар. Соның негізінде өткен жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасымен 7 млн теңге алып, оңалту орталығын аштым. Мемлекеттен берілген бұл қаражатқа құрал-жабдықтарын түгендеп алдым. Ал орталықтың ғимаратын салуға өз ақшамды жұмсадым. Қазірде орталықта балалардың түрлі диагнозы бойынша массаж жасаймын. Мұнда келушілерді арнайы дәрігерлердің тағайындауымен берілген ем-домына сәйкес қызмет түрін ұсынамыз. Сондай-ақ бір нұсқаушы  тренерім бар, – дейді кәсіпкер.


Мұндай оңалту орталығын қарапайым ғана ауылдан ашуының өзі көңіл қуантады. Сондай-ақ бұл дертіне шипа іздеп жүрген жандар үшін зор мүмкіндік. Қазір кәсіпкердің өзінің тұрақты келушілері бар. Емге Байқоңыр қаласы мен ауданнан келеді.

Орталықта электрофарез, парафин, лазер кабиенеттері мен 2 массаж бөлмесі бар. Ғимарат ішінде кәсіпкердің жеке бөлмесіндегі кітап сөресі көзімізге оттай басылды. «Бұл менің массаж бойынша оқыған кітаптарым» деп таныстырды ол. Электрофарез, парафин, лазер бойынша лицензия алуға өтінім білдіріп қойған екен. Жақын күндері мақұлдау келсе, осы қызмет түрлері бойынша ем-дом жасауды бастайды.
Адамдарға бірініші кезекте жайлылықты ойлайтын кәсіпкер мұнда бар жағдайдың жасалуын көздегенін айтады. Тіпті кір жуатын машина мен киім үтіктейтін үстелге дейін алып қойған.

Әр мамандықтың өз қиындығы мен қызығы бар. Одан бөлек, жүрек қалауымен таңдаған мамандықтың артылар жауапкершілік жүгі де болатыны жасырын емес. Қай салада болсын өрлеу мен дамуға, жетістікке жету үшін сол мамандықтың үдесінен шығып, өз жұмысыңа жауапкершілікпен қараған абзал. Жұмыста жауапкершілікті бәрінен жоғары қоямын, – дейді ол.


Кейіпкеріміздің аялы алақанынан ем алып, сауығып кеткен сәбилер көп. Кезінде ем көрсеткен балалардың алды әке болып, қазірде өз балаларын  осы жанға әкеліп жүргенін де әңгіме барысында айтып қалды. Білікті жанның әлі де талай биік шыңдарды бағындыратынына сенім білдірдік. Себебі мамандығына деген адалдығы, жанашырлығы оны үнемі алға жетелеп келеді.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
20 тамыз 2024 ж. 183 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 283

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 379

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930