» » Массаж жасау кәсіп пе, қасиет пе?

Массаж жасау кәсіп пе, қасиет пе?

qarmaqshy-tany.kz Бүгінде емханаға бара қалсаңыз баласын құшақтап жүрген ата-ананы жиі кездестіріп жатамыз. Дәрігердің кезегінде тұрған аналардың да қарасы қалың. Көбісі жаңа туған сәбиін көрсетуге алып келеді. Ауырмай баланың өспейтіні белгілі ғой. Дегенмен бұл сіз бен біз жақсы білетін суық тию не болмаса іш қату деген аурулар емес. Аты да, заты да басқа аурудың түрі көп. Ал енді ғана баласын құшағына алған ана мұндай қиындықтарға кездескенде абдырап қалып жатады. Сол себепті жаңа туған нәрестенің дене бітімінің дұрыс қалыптасуы үшін массаждың септігі көп.
Дәрігерге барсаңыз, ауруды үйіп-төгіп береді. Үй жағдайында-ақ ем-дом жасаймыз деп ескілік түсінікпен өмір сүретіндер бар. Әйтсе де қазір дамыған заман. Аналар да сауатты. «Балама – 1 ай. Дәрігер «дисплазия» деп диагноз қойды. Массажға ерте бастан апарып, ем-дом қабылдасаңыздар кетеді дейді. Бала – бар байлығымыз. Сондықтан біз ата-анасы ретінде бар жағдайды жасауға тиіспіз. Бұйырса массаж алуға баламды алып барамын» дейді жас ананың бірі.

Иә, қазірде жаңа туған сәбилерге осы секілді түрлі диагноз қояды. Біріне – гипоксия, енді біріне – рахит, келесісіне – дисплазия сынды ауруларды айтады. Балалар арасында мұндай аурудың жиі ұшырасуын экологиядан, ананың жүктілік кезінде дұрыс тамақтанбауынан, күтінбеуінен дейді мамандар. Осы орайда дәрігерлер баланы массажға апаруға кеңес береді. Себебі жаңа туған сәбидің 1 жасқа дейін қалыптасуы өте маңызды. Сондықтан әрбір жаңа туған нәрестеге сауықтыру жаттығуларын істеп, аурудың алдын алуға мүмкіндік бар. Дегенмен, ауданда білікті массаж мамандары аз. Сол себепті мұндағылар қала асып, сонда барып ем қабылдауға мәжбүр.

Сәуле Байбұланова – аудандағы массаж істейтін жас маманның бірі. Негізгі білімі – фармацевт. Әйтсе де бұл салада жұмыс тәжірибесі болмаған соң массаж үйренуді қолға алып, «Алтын алақан» балалар массаж орталығында Гүлмира Бекболқызынан білім алған. Білікті маманның 30 жылға жуық тәжірибесіне қызығып, одан дәріс алу үшін Алматы қаласына барып оқып-үйреніп, сертификат алып шығады. Сөз арасында тәжірибелі маманнан дәріс алып, массаж түрлерін меңгергеніне қуанатынын да жасырмады. Арнайы білім алып шыққан соң ол осы массажды кәсібіне айналдыруда. 2019 жылдан бастап жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, бүгінде сәбилерге сауықтыру массажын жасап келеді. Сонымен қатар ол бір орында тұралап қалмай, үнемі білімін шыңдап отырғанды дұрыс көреді. Түрлі курс пен сабақтардан қалыс қалмайды.
Қазірде қоғамға массаж маманы керек-ақ. Рас, бүгінде балалар аурушаң. Нәрестелердің дені, яғни 70-80 проценті дисплазия немесе гидроцефалия (бас сүйек куысында ми-жұлын сұйықтығы көлемінің көбеюі) дертімен бірге туылуда. Ал бұл аурулардың бірден-бір емі – массаж. Бұл үшін тек сауатты әрі тыңғылықты жасалатын массаж ғана көмектесе алады.

Сәуле Әкімбекқызы балаларды сауықтыру үшін жасалатын массаж түрлерін жақсы біледі. Қазіргі таңда балаларға дисплазия диагнозы бойынша ұршығына арналған электрофарез емін кең қолдану үстінде. Сондай-ақ балалардың қақырығын шығаруға арналған дренажды массаж бен нүктелі массаж түрлерін де толық меңгерген. Осы орайда маманға алдын ала жазылып келушілердің қатары күн санап көбейіп келеді.

– Жаңа туған баланың жамбас сүйегі мен аяқ сүйегінің орны дұрыс болмаса онда дисплазия диагнозы қойылады. Жаңа туған 10 қыздың 7-еуінде дисплазия диагнозы анықталады. Ал бұл көрсеткіш ұл балаларда азырақ. 4-6 айға дейін дисплазия диагнозы қойылып, осы кезден бастап массаж қабылдаса 2-3 курстан соң кетеді. Сол себепті балаға дер кезінде массаж қабылдауға кеңес беремін. Массажды ауыртып, қатты қол батырып жасаса, солай дұрысырақ деп ойлайтындар да бар. Ол қате пікір. Алғашында бұлшықеттердің ауырсынуы орынды, әрине, бірақ массаж бір-екі күннен кейін жағымды әсер беруі тиіс. Егер массаж жасалған жер көгерген немесе қатты қанталаған болса, демек массаж дұрыс жасалмаған, – дейді кәсіпкер.

Балалар массажы бұл жаңа туған 1 жасқа дейінгі сәбиге де, жалпы балалар үшін өте қажет. Жағымды көңіл-күй, тыныштандыру мен балаларда жиі кездесетін іш кебуді басатын массаждар бөбегіңізге қуаныш сыйлайды. Баланы жайлап сылап-сыйпау психологиялық тұрғыдан тыныштандыра отырып, белсенділігін де арттыра түседі.

Адамдар массаж алсақ барлық аурудан құтыламыз деп ойлайды. Шын мәнінде массаж ауруды жеңілдетіп, сауығып кетуіне күш береді. Ал қалған 80 проценті адамның өзіне байланысты. Сондықтан балаңыздың да, өзіңіздің де денсаулығыңызды күткеніңіз абзалырақ.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
24 мамыр 2023 ж. 472 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 287

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 382

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930