» » Жұмсақ алақанның жылуы

Жұмсақ алақанның жылуы

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ТИІМДІ ТҰСТАРЫ КӨП. ҚАЗІР ИНСТАГРАМ ЖЕЛІСІН БІРІ ЖАЙ УАҚЫТ ӨТКІЗУ ҮШІН ҚОЛДАНСА, ЕНДІ БІРІ ПАЙДАЛЫ ТАБЫС КӨЗІ РЕТІНДЕ ҚАЖЕТІНЕ САНАЙДЫ. БІРДЕ ЖАҚЫНЫМНЫҢ АЙДАН ЖАҢА АСҚАН БАЛАСЫНЫҢ ЖАУЫРЫНЫ ЖАБЫСЫП, МАЗАСЫЗДАНА БЕРДІ. ДЕРЕУ ЖОСАЛЫДАН ҮЙГЕ КЕЛІП МАССАЖ ЖАСАЙТЫН МАМАНДАР ІЗДЕДІК. ТАППАДЫҚ ДЕУ ҚАТЕ ШЫҒАР. БІР ЕМЕС БІРНЕШЕ МАМАН БАРЫН БІЛІП, АРАСЫНАН БІЛІКТІСІН ТАҢДАУҒА ТУРА КЕЛДІ.
Сұрастыра келе Арайлым есімді қызға тоқталдық. Үйге шақыртып, небәрі 2-3 күн массаж алғаннан бала тыныштанып, өзін сергек сезіне бас­тады. Кішкентай бөпем болмаса да, қызығушылық танытып, кейін осы қыздың парақшасына тіркеліп алып, күнделікті жұмысын бақылап отыратын болдым. Тек массаж жасау емес, жас аналарға түрлі кеңес айтатын Арайлым Кеңесова 4 қыз баланың анасы. 19 жасында тұрмыс құрған оның тұңғышы 8 жаста.
Үйде отырып қарап қалмайын деп түрлі курстар оқыған. Торт жасауды да меңгеріп, кірпік жабыстыруды да кәсіп етіп көріпті. Бірақ ол өз бейімі мен қызығушылығын енді тапқандай.
Қазақта «Қар қылаумен, бала сылаумен өседі» деген тамаша сөз бар. Шынында да, жаңа туған баланы қырқынан шыққанша майлап, сылайды ғой. Әрі бұл баланың құрыс-тырысын жазып, ширауына, қатаюына көмектеседі. Сондықтан да дәрігерлер массажды тек қана ауырғанда емес, дені сау кезінде де алуға кеңес береді.
Арайлымның төртінші қызы ақаумен туылып, 3 ай Алматыда ауруханада жатады. Дәрігерлер балаға ерекше күтім керегін ескертіп, үнемі массаж алуды ұсынады. Қазір массаждың курсы айтарлықтай арзан емес. Балаға қайта-қайта массаж алу қалтаға ауыр тиеді. Одан өзім оқып алайын деп шешкен Арайлым Алматы қаласында жүріп арнайы курстан өтеді.
– 2 дипломым болса да жұмыс істемедім. Көзге көрінген кестеті­герлерімнің тәрбиесі, отбасымның берекесі үшін үйде отыруыма тура келді. Массажды кәсіпке айнал­дырғаныма көп болған жоқ. Бастапқыда көрші-көлем мен туған-туыстан өтініш түсіп, шақыртумен жасап көруге бел будым. Кейін өзім секілді жас аналардан, апа, әжелерден алғыс алған сайын шабыттана түстім. Қазіргі таңда дәрігерлер балаға массаж алуды жиі ұсынады. Осының себебінен массажға деген сұраныс та артып отыр. Әрине, қандай жағдай болса да массаждың жеңіл үлгілерін кез келген ана білуі тиіс. Оның үстіне бала «ерекше» болып туса, міндетті түрде үйрену керек. Кейде баланы алып жүру ауыр болуы мүмкін, сондайда анасы өзі үйде үздіксіз жасап отыруына ыңғайлы. Кәсіби маманға тапсырған жақсы, бірақ ананың білуі де артық етпейді. Өйткені бала бақытты болса, ана бақытты. Баланы туған соң емес, оған дейін ана өзінің саулығын ескергені жөн. Массажды көбісі профилактика ретінде алады, кіндік грыжасы, дисплазияға да жиі жасап жүрмін. Алдағы уақытта ерекше балалармен жұмыс жасағым келеді. Оларға көмектесуді армандаймын. Тоқтап қалмаймын, өмір күнде жаңару үстінде. Сол себепті үнемі ізденістемін. Массажист болу табысты емес, баталы, сауапты мамандық, – дейді Арайлым Нұрланқызы.

Гүлжанат ДҮЗЕНОВА
06 наурыз 2022 ж. 448 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 041

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031