» » Сәбиге массажды неше айлығынан бастау керек?

Сәбиге массажды неше айлығынан бастау керек?

Сәби ағзасының дұрыс өсіп-жетілуінде массаждың алатын орны ерекше. Мамандар сәбилерге 2 - 3 айлығынан бастап жасауға кеңес береді. 
1,5 - 3 айлық балаға шартсыз рефлекске негізделген жаттығу жасау қажет. Сәбиге гимнастика жасағанда қозғалысының дұрыстығына назар аударған жөн. Оларға қолданылатын массаждың негізгі түрі – денесін сылап-сипау, ысқылау. 

3 - 4 айлық кезінде қол-аяғын көп керіп созбайды. Себебі бұлшық еттері созылып, буыны шығып кетуі мүмкін. 

3 - 6 айлық баланың аяқ-қолын айқастырып, бұлшық еттерін абайлап созғылып, саусақтарын баяу қимылдатады. 

6 - 10 айлығында баланың еңбектегеніне назар аударған жөн, еңбектеу сәбидің денесінің көптеген бұлшық еттері мен қол-аяқтарының қатаюына ықпал жасайды. Осы кезеңде жаттығу жасағанда сәбимен мүмкіндігінше көп сөйлесу керек. Ересектердің көрсетуі бойынша бала кейбір жаттығуларды өзі жасайды, сондай-ақ бұл бала тілінің шығуына көмектеседі. 3-4 айлық кезінде қол-аяғын көп керіп созбайды. Себебі бұлшық еттері созылып, буыны шығып кетуі мүмкін. 

10 - 14 айлығында аяғын таяқшаға дейін көтеріп жеткізу, қолынан ұстап демегенде отыру, денесін қисайту және түзету, бір нәрсеге шығу және одан түсу т.б. жаттығуларын енгізуге болады. 

Массаж, гимнастика жасайтын бөлмелердің жақсылан желдетілуі, ауаның ондағы температурасы 20°С-ден төмен болмауы тиіс. Жаз айларында барлық процедураны аулада, ал көлеңкелі жерде 20-22°С температурада жасау керек. Массажды биіктігі 70 см-ге жуық столға бірнеше қабат көрпе немесе жаялық төсеп жасаған ыңғайлы. Жаттығуды тамақтандыруға 30 минут қалғанда немесе тамақтанған соң 1-1,5 сағаттан кейін белгілі бір мезгілде жасайды. Әр жаттығуды немесе массаж жасауды 2-6 рет қайталайды. Жаттығудың барлық уақыты 10-12 минуттай аспауы керек.
15 мамыр 2018 ж. 1 636 1

JeaCold от 23 ақпан 2019 09:44
Kamagra Stoke On Trent Viagra Pastilla Azul Canada Drug Pharmacy Free Shipping Code disulfiram Cialis Levitra Comment Viagra Order Ed Pills Delicate Rx

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 943

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031