» » Баба ұрпағы бас қосты

Баба ұрпағы бас қосты

Бүгінде қазақ даласының қай өңіріне барсаңыз да, бабалар рухына тағзым еткен елді көресіз. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген иманды жұрттың ат шаптырып, ас беріп, алыс-жақындағы елді жиып батасын алып, бабалар мазарын ұрпақтары жаңартып жатқанына куә болып жүрміз. Иә, баба рухын ұлықтау – ұрпақ парызы.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының бойында, Қазалы ауданына қарасты Байқожа ауылының төрінде Дөсек бабаның кесенесі бар. Бұл кесене қазақ өлкесін ен жайлаған баба ұрпақтарының қолдауымен салынған. Бабасын ұлықтаған ұрпақ жыл сайын бас қосып, ас береді. Биыл да бұл үрдіс өз жолынан жаңылмады.
Жақында аталған аймақта еліміздің Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент, Қызылорда, Жамбыл қалалары мен шеткі елдерден баба ұрпақтары жиналды. «Ағайын тату болса, ас көп» деп қазақ атам бекер айтпаса керек. Перзенттік парызды өтеу мақсатында жержерден жиналған ағайын бабаға арнап ас беріп, спорттық жарыс ұйымдастырды. Жиында ауданның құрметті азаматы Жақсыбай Жәкеев сөз бастап, елге тілегін арнады.
– Қазақта «Адам ұрпағымен көрікті» деген жақсы сөз бар. Бас қосуға бабамыздың ұрпағы болып жиналып отырмыз. Бұл жиынды 2000 жылы қозғасақ, араға төрт жыл салып істі қолға алдық. Міне содан бері бірлігіміз ажырамай келеді. Дөсек атамыз кезінде қыста Байқожа аймағына, жазда Арқаға көшіп қонып жүргесін алғашқы белгісін осында тұрғыздық. Атамыздың ұрпағына айтып кеткен өсиеті бар. Ол «Мені ана дүниеде тыныш жатсын десеңдер ешқашан бөлінбеңдер, бірбіріңмен қыз алыспаңдар. Құдайдан ұрпағымның тазалығын сұраймын» деп айтып кеткен. Қазір 17 атаға келсек те әлі қыз алысып, қыз берген емеспіз. Біздің беріктігіміз осында, – деді ел ағасы.
Абайдың әкесі Құнанбай Меккеде мешіт салғанда Дөсек баба қол ұшын берген екен. Бүгінде бабаның ұрпақтары Қазақстанның түкпіртүкпіріне қоныс тепсе, сонымен қатар Өзбекстан, Ресей, Италияға дейін тарап жатыр. Кешегі басқосуда алыс жолды артқа тастап Ресейден, Өзбекстаннан ұрпақтары келді.
Кездесуді ұйымдастырған қызылордалықтар өздерінің дәстүрі бойынша эстафетаға айналған қолшоқпарды алматылық ағайындарға тапсырып, келесі басқосу Жетісуда өтетінін айтты. Жиынның соңы спорттық шараға ұласып, ерлер жағы қол күресіп, арқан тартысты.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
14 тамыз 2024 ж. 477 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 388
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 179

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930