» » Т.Көмекбаев ауылында баба рухына арнап ас берілді

Т.Көмекбаев ауылында баба рухына арнап ас берілді

qarmaqshy-tany.kz Т.Көмекбаев ауылдық округінде Кете Байсары Құдайназарұлы Сойырғас бабаның рухына арнап ұрпақтары атынан ас берілді.

Екі күнге созылған іс-шаралар барысында Алдашбай ахун мен Қуаңдария ауылдарының аралығындағы тас жолы бойында Сойырғас баба кесенесі ашылып, Т.Көмекбаев ауылының орталық алаңында мәдени-көпшілік шаралар өткізілді. Шара барысында аудан әкімі Жандос Еркінбек сөз сөйлеп, барша ауыл тұрғындарын Ұлы Жеңіс күні мерекесімен құттықтады.

Орталық алаңға киіз үйлер тігіліп, барша тұрғындар мен қонақтарға арнап ас берілді.
Сонымен қатар, баба рухына арнап құран бағышталып, ұлттық спорт түрлерінен, оның ішінде қол күрес, арқан тартыс, қазақша күрестен палуандар сайысы өткізіліп, ат жарыс ұйымдастырылды.









08 мамыр 2023 ж. 1 239 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 889
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 142

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930