» » Ақ батасын берді

Ақ батасын берді

qarmaqshy-tany.kz Алдашбай ахун ауылындағы 22-Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті. 21-наурыз күні мектеп оқушылары арасында көркем сөз оқу байқауы ұйымдастырылды. Сонымен қатар "Ешнияз сал" үйірмесінің жетекшісі Әлішер Мырзағалиев өзінің шәкірттерімен жыр-фестивальін өткізді.
Байқау нәтижесі бойынша қорытынды шығарылып, жүлдегерлер мен барлық қатысушыларға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.
21-Наурыз күні кешке орталық алаңда концерт қойылды. Әсем әндер шырқалып, қызықты ойындар ұйымдастырылды.
Ойын жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар берілді. 22-Наурыз күні азанымен тай жарысы өткізілді.
Орталық алаңда мекемелер арасында қазақтың салт-дәстүрінен көріністер көрсетілді. Мың бұралған би,әсем ән айтылды.
Алғашқы сөз кезегінде ауыл әкімі Н.Тоғызбаев,ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ.Айтмақанов,Майлыөзек ЖШС-нің төрағасы М.Байтұрсынов ауыл тұрғындарын құттықтады. Ауыл ақсақалы Нәби атамыз барлық ұйымдастырушыларға ақ батасын берді.
Алтын апа май иіскетіп, ауыл тұрғындарын мың пәледен аластап өтті.
Концерттік бағдарлама аяқталған соң спорттық жарыстарға ұласты. Қол күрес,арқан тартыс, жүгіру, қазақша күрес, қошқар көтеру, волейбол ұйымдастырылды. Клуб үйінде наурыз көже берілді.

22 наурыз 2023 ж. 405 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031