«Нұр себеле - Ұлыстың ұлы күні Наурыз»
qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы, Қуаңдария ауылында өткізілген «Нұр себеле - Ұлыстың ұлы күні Наурыз» мерекесі жоғары деңгейде аталып өтілді. Мереке күндері ауылдық округтегі мекемелер, қоғамдық жұмысшылар көркейту, тазалық жұмыстарын жүргізіп, ауыл тазалығын сақтады. Жыл сайынғы дәстүрге айналған әр жылғы тумалары өткізетін Наурыз тойын биылғы жылы 1978 жылғы туылған ауыл тумалары өткізуде. Мереке өтетін "Жастар" аллеясына қараша үйлер және шатыр тігілді. Қараша үйлердің іші-cырты қазақы нақышта жабдықталған.
21-наурыз күні кешке эстрада жұлдызы, ҚР мәдениет қайраткері, "Нұр-Мұқасан" тобының әншісі Нұрлан Қонысбаевтың қатысуымен және Ақсәуле Көптілеуқызының ұйымдастыруымен «Ретро әндер» байқауы, лоторея ойындары, түрлі ойындар өткізіліп, соңы ауыл жастарының би кешіне ұласты.
22–наурыз күні сағат 11.00-де мерекелік шараны ауыл әкімі А.Аймырзаев ашып берді. Бағдарламада қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерінен мекемелер арасында сахналық қойылымдар қойылды, ауылдық клуб өнерпаздары, 1978 жылғы тумалар ән шырқап, ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ауыл тұрғындары мен ауыл қонақтарына арнап қараша үйлерде және шатырларда мерекелік дастархан жайылып, Наурыз көже таратылды.
Сонымен қатар қол күрестен жарыс өткізіліп, жеңімпаздар демеушілердің арнайы дайындаған сыйлықтармен марапатталды.
Сағат 14:00-де ауыл сыртындағы ипподромда жүйріктер бәйгесі өткізілді. Ат жарыста жүлделі орын алған азаматтарға демеушілердің дайындаған сертификаттары және бағалы сыйлықтар табысталды. 1978 жылғы азаматтар келесі жылғы Наурыз тойын өткізуші 1979 жылғы тумаларға сәттілік тілеп эстафеталық жалауды аманаттап тапсырды. Наурыз мерекесі құтты болсын.
https://www.instagram.com/p/CqH3mxSt3tW/?utm_source=ig_web_copy_link