» » «Ұлыстың ұлы күні Наурыз»

«Ұлыстың ұлы күні Наурыз»

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы Т.Көмекбаев ауылында өткізілген «Ұлыстың ұлы күні Наурыз» мерекесі жоғары деңгейде аталып өтілді. Мереке қарсаңында ауылдық округтегі мекемелер, ауыл тұрғындары көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстарын жүргізді. Жыл сайын өз кезегінде әр жылғы туғандар мерекені өткізу міндетіміз деп санаса, ал биылғы жылы 1988-1989 жылғы туылған азаматтар өткізуде. Мереке өтетін Қ.Қуаңбаев атындағы аллеяға қараша үйлер және шатырлар тігілді. Қараша үйлердің іші-cырты қазақы нақышта жабдықталған.
21-наурыз күні «Разақов Марат» атындағы шағын футболдан аудандық деңгейде жарыс өткізілді. Ұйымдастырушы 1971 жылы туылған азаматтар мен азаматшалар. Жеңімпаз командалар қаржылай және арнайы кубокпен марапатталды.
Сағат 18:00-де әртүрлі спорттық ойындарға демеушілік жасаған азаматтарға және қонақтарға арналып қараша үйлерге мерекелік дастархан жайылып сый-құрмет көрсетілді.
Ауыл сахнасында әуез мектебінің алғашқы директоры Ләпбайұлы Жалғасбек атындағы «Ретро әндер» байқауы өткізіліп, жеңімпаздарға ақшалай жүлделер табысталды. Байқау соңы ауыл жастарының би кешіне ұласты.
22–наурыз күні сағат 09:00-де мерекелік концертті ауыл әкімі Н.Ахметов, ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Қосбаев, еңбек ардагері М.Көбеевтер ашып берді. Бағдарламада қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерінен мекемелер арасында сахналық қойылымдар қойылды. Елімізге белгілі Қазақстан Республикасының өнер жұлдыздары Ғазизхан Шекербек, Кенжебек Жанәбілов, Бекзат Молдабергенов, Алматы қаласынан «Әгугай тобы» ән шырқап, ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ауыл тұрғындары мен ауыл қонақтарына арнап қараша үйлерде және шатырларда мерекелік дастархан жайылып, Наурыз көже таратылды.
Сонымен қатар ұлттық спорт түрлерінен (қазақша күрес, гир көтеру, арқан тартыс, қол күрестен, қошқар көтеру т.б.) жарыстар өткізіліп, жеңімпаздар демеушілердің арнайы дайындаған сертификаттар табысталып, марапатталды.
Сағат 14:00-де ауыл сыртындағы ипподромда ат жарыс өткізілді. Ат жарыс алдында 3 км жаяу жарыс ұйымдастырылды. Жаяу жарыста және ат жарыста жүлделі орын алған азаматтарға демеушілердің дайындаған сертификаттары табысталды.
22 наурыз 2023 ж. 271 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930