» » Жылдағы дәстур

Жылдағы дәстур

Ауданымызда 22 наурыз күні «Арнұр» дәмханасында жылдағы дәстүрмен аудан тұрғындары арасында ауданның 1974 жылы туылған азаматтарының ұйымдастыруымен Наурыз мерекесі аталып өтті.
Мерекеде Ұлы Отан соғысының ардагері Бисембай Қуанышбаев мерекеге жиналғандарды әз Наурыз мерекесімен құттықтап, аталық ақ батасын берді.
Сондай-ақ, әруақтарға арнап құран бағыштады.
Мерекелік шарада оны ұйымдастырушылар атынан аға буын өкілдеріне шапан жауып, баталарын алса, ұйымдастырылған ұлттық ойындар қорытындысымен жүлдегерлерге естелік сый-сияпат жасалды. Сонымен бірге, бірнеше тұрмысы төмен отбасыларға қаржылай көмек берді.
-Әз Наурыз мерекесі барша түркі халқы үшін ұлық мереке. Ұлыстың Ұлы күні жыл бастау алады. Осы күні Сакмарқанның тасы еріп, жер бетіне жылы леп еседі. Жаңаша өмір басталды. Міне, бүгін біз де ұлтымыз ұлықтаған осы ұлы мерекені тойлауға перзенттік парызымызды қосудамыз. Бұл шара жыл сайын осы аумақта туып-өскен азаматтардың қолдауымен өткізіліп келеді. Бүгін біздер, яғни 1974 жылы туылғандар осы дәстүрді өткізіп жатқан жайымыз бар. Оны жалғастыру бізден кейінгі жастардың үлесінде. Мерекелік шарада алдымен осы аймақта туып-өскен, бүгінде бақилық болған әруақтарға құран бағыштадық, үлкендерге мерекелік дастархан жайып, баталарын алдық. Міне, жастар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында түрлі спорттық ойындар ұйымдастырудамыз және бірнеше тұрмысы төмен отбасыларға қолдан келгенше қайырымдылық көмеген берудеміз, – дейді осындай игі шараны ұйымдастырушылардың бірі Алмат Қодаров.
Расында да, сол күні аудан орталығындағы Айсауытов, С.Есқараев және басқа да көптеген көшелер мен жеке отбастарында наурыз көшелер таратылып, ұлттық ойындар ұйымдастырылды.
Н.Жанәділов
23 наурыз 2018 ж. 1 776 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

№81 (10449)

25 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 784
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 514

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930