» » Дәріхана ісінің шебері

Дәріхана ісінің шебері

"Қай жерің ауырса, жаның сол жерде" деген. Басыңыз ауырып, балтырыңыз сыздай қалса, дәрігерге жүгінеріміз хақ. Ақ халаттылар науқастың дертіне дауа боларлық ем-шара тағайындап, дәрі-дәрмек жазып берсе, әрі қарай диагнозына сай дәріхананың қызметін алып жатамыз.
Осы салада ұзақ жылдар еңбек етіп келе жатқан маманның бірі – Гүлайым Жақсыбайқызы. Оның еңбек жолы сонау 1984 жылы Торғай облысы, Жангелдин ауданына қарасты Шилі кеңшарында дәріхана меңгерушісі болып басталған. Кейін туған жерге оралып, өзіміздің аудандық ауруханада орналасқан №76 дәріханаға қызметке қабылданған. 1994 жылдан бастап бүгінге дейін осында жұмыс істеп келеді. 2022 жылдан бері меңгерушілік тізгінін қолға алған. Жақында білікті маманмен жүздесудің сәті түсіп, сөзге тартқанбыз. Ол да әп дегеннен қызметі жайында әңгімелей жөнелді.
– Бізде бірнеше аптека қызметі жұмыс істейді. Оның бірі – емхана жағында, амбулаториялық тегін дәрімен қамтамасыз ету аптекасы десек, онда назологиялар бойынша белгілі науқастарды және Д есепте тұратын науқастарды тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз еті­леді. Бұл дәріханада фармацевт маман Закида Темірбаева, Ұлжан Исмаилова, есебін тиянақты жүргізіп отыратын Серік Тоқшылықов жұмыс жасайды. Аурухананың ішіндегі дәріхана аурухананы, елді мекендердегі амбулаторияларды және күндізгі емдеу стационарларын, бөлімдерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етумен айналысады. Онда да тегін дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдар босатылады. Мұндағы ерекшелік, стерилендірілген дәрі-дәрмектер фармацевт Меруерт Қосназарова, Айнұр Кәукенованың қолымен дайындалады. Ал қоймада (төменде) провизор Ержан Ешниязов, фармацевт Мұрат Алмағамбетов, кіші медициналық қызметкер Жанар Төрежанова сапалы қызметтер көрсетеді, – дейді ол.
Қайсыбір қызметкер де теориялық білімімен бірден маман болып кетпейді. Еңбек тәжірибесі арқылы жетіліп, қатарға қосылады. Г.Фаизова да алғашқы жұмысқа қосылған кездегі дәріхана қызметіне баулыған ұстазына әрдайым құрметпен қарайды.
– Әлі диплом алмаған кезімде Ақшам Жұбантаева апайдың қарамағында мемлекеттік іс-тәжірибеден өттім. Ол кісіден алған тәжірибеммен басқа облыста абыройлы жұмыс істеп келдім. Апаймен кейін зейнет демалысына шыққанша да бірге қызмет еттік. Ол дәріхананың меңгерушісі болды. Одан соң Шолпан Омаровамен жұмыс істедім. Өкінішке орай Шолпан әріптесім өмірден ерте озды. Осы қызметте істеп жатқан білімім мен тәжірибем – Ақшам апамның үйретуінің арқасы. Оқу бір басқа да, жұмыс кезіндегі тәжірибе, еңбек ету, адамдармен қарым-қатынас орнату бір басқа ғой. Жастардың ортасында, ұжымдастарымның арасында үнемі Ақшам апайдың ұстазым болғанын марқая айтып отырамын. Шәкірті болғанымды мақтан тұтамын. Медицина күніне орай бас дәрігеріміз Бақытжан Сағилатұлына ерекше лебізімді білдіргім келеді. Ол – өзінің үлкен жүректілігімен, біліктілігімен ұжымды басқарып отырған халық қалаулысы. Жүздеген адамы бар ұжымды басқару оңай шаруа деп айтпас едім. Медицина – қызығы мен шыжығы бірге жүретін сала. Кейінгі келген жас дәрігерлерді де үлгі етіп айтуға болады. Олардың ішінде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде біздің берілетін сұраныстарымызға ерекше үлесін қосып отырған дәрігеріміз Айдос Жаналиевке, Динара Жүсіповаға, Бауыржан Кәріқұлов аға да алғысымды айтамын, – дейді дәріхана меңгерушісі жылы кейіпте.
Дәріхана ісінің шебері облыстық денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасы, Алғыс хатымен марапатталған. Еңбекпен өсіп-өнген Гүлайым Жақсыбайқызы отбасында ардақты ана, аяулы жар, асыл әже. Жолдасы Бақытқали Фаизовпен бірге 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсіріп отырған бақытты жан. 2 баласынан өрбіген 4 немере ата-әжесінің бүгінде көз қуанышы.
Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА
18 маусым 2024 ж. 540 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 308

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 407

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930