» » Автокөлік сыйға алды

Автокөлік сыйға алды


Жақында Ақтөбе ауылы ала жаздай еккен егінінің жемісін көріп, астық жинаудан жоғары өнімге қол жеткізген-ді. Ауылдағы ірі шаруашылықтың бірі – «Ақтөбе и К» ЖШС төрағасы Нұрлан Іздібаев ел етек жеңін жинап, дала жұмыстары демін басқан шақта күзгі табысын таразылап сабан той өткізді. Пейілін кеңге, қырманын дөңге сала келген диқандардың төл мерекесінде жылдағыдан мол өнім жинаған дала еңбеккерлерінің ерен еңбегін бағалап, үлкен сый көрсетіп, марапат төріне көтерді.
Ал осы шаруашылықта ұзақ жыл еңбек еткен қос майталманға «Нива» автокөлігін сыйға тартты. Соның бірі – гараж меңгерушісі Тасмахан Наурызов.
Майталман маман бүгінде шаруашылыққа еңбегі сіңген ардагер. Ол осы салада қызметін сонау 1977 жылы бастаған. Әуелгіде техника тізгіндесе, кейін гараж қызметіне ауысып, осында ұзақ тұрақтайды.
– 1974 жылы ауылда жаңадан гараж салынды. Ол кезде тым жас­пыз. Кейін жайлап еңбекке араласып, осы жерге жұмысқа тұрдым. Алғашқы тізгіндеген техникам «Беларус» тракторы болатын. Бірақ техникадан қатты хабарым болмады. Бұзылып қалса іштегі ағаларыма жөндетіп алатынмын. Маған сол кезде көп көмектесіп техника жөндеуді үйреткен Әбләки деген кісі. Ол өз ісінің шебері, әрі әзілқой болатын. Апарат цехында жұмыс істеп, қолдан бөлшектер жасап шығаратын. Міне сол кісілерден тәрбие алып, осы гараж саласын меңгердік, – дейді еңбек ардагері.
Уақыт өтіп, Кеңес кезі тоқыраған шақта ауылдағы шаруашылықтың да жұмысы құлдырайды. Кейін ауыл азаматы Нұрлан Іздібаев 2015 жылы шаруашылықты қайта қолға алып, жұмысын жандандырады. Сол кездегі бұрыннан жұмыс істеген еңбек майталмандары қайтадан жұмысқа тартылады. Шаруашылық басшысы Тасмахан Мейірманұлын гараж меңгерушісі етіп сайлап, барлық техниканың жүріп тұруын тапсырады.
– Шаруашылық қайта құрылған жылдан бастап ең әуелі техникаларды жаңарттық. Гаражымыз жаңа үлгідегі «Claas» комбайны, «MacDon» жаткасы, «Беларусь», «БТЗ» тағы да басқа техникалармен толықты. Егін егу мен оны жинап алуда еш кедергісіз жақсы жұмыс істедік. Бұзылған жағдайда барлығының жаңа бөлшектері бар. Оны уақытында тапсырыспен алдырып отырамыз. Себебі күні-түн егіннің басында техникалар жүріп тұрғаннан кейін оның бір сәтке бұзылып қалмауын қамтамасыз етіп отырамыз. Шүкір, соның арқасында биыл жақсы көрсеткішке қол жеткіздік. Әлі де алда жоспарымыз бар. Ең бастысы қызметте шаршамау керек, – дейді майталман маман.
Тасмахан Мейірманұлы еселі еңбегінің арқасында биыл зейнет жасқа жетті. Шаруашылық басшысы Нұрлан Іздібаев «Алтын дән – 2021» мерекесінде сала ардагері атанған Қалдыбек Құлмырзаев пен Тасмахан Наурызовқа автокөлік тарту етіп, иығына шапан жапса, ұзақ жыл есепші болып қызмет еткен Рыскүл Піржановаға жаңа үлгідегі смарт теледидар сыйлады.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
25 желтоқсан 2021 ж. 535 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 041

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031