» » Жанұясымен техника тізгіндеген

Жанұясымен техника тізгіндеген

ІІІ Интернационал ауылындағы іссапарда шаруақожалықтағы еңбеккерлермен танысудың сәті енді түскендей. Бойшаң келген аққұба ағайдың қасына бірден жайғаса кеттім. Әуелі танысып алмақ болып:
– Аға, аты-жөніңіз кім болады?
– Али Искендиров, – деді ол езу тартып.
"Жүзі жылыдан түңілме" дейді. Ағаның "ә" дегеннен жылы шырай танытқаны бір көрген адамды бірден баурап әкетеді екен. Осылайша біз әңгімені бастап та кеттік. Ұлты басқа болғанымен қазақшаға судай. Әріптестерімен де әзілдесіп қояды. Ол қызметін адалынан, несібесін еңбегінен тауып отырғанның қатарында.
Кейіпкеріміз қырық жылдан аса шаруашылықта еңбек етіп келеді. Еңбекке ерте араласқан ағамыз 1979 жылдан 1988 жылға дейін комбайн жүргізген. Кейінірек те басқа техикаларды тізгіндейді. Бүгінде шаруашылықта инженер-механик. Жақында ғана "Алтын дән – 2020" мерекесінде танымал тұлға, қоғам қайраткері Қылышбек Әбішов атындағы төсбелгіні тағынды.
– Негізі жұмысымыз – бұзылған техникаларды жөндеп, қалыпқа келтіру. Мұндайда техника тілін білу міндетті. Әйтсе де оған күтім керек, сонда ғана техника сенің сеніміңді ақтайды, – дейді.
Али аға отанасымен бірге 3 ұлды тәрбиелеп, өсіруде. Балаларын да жастайынан еңбекке бейімдеген. Тұңғышы Иса Байқоңыр қаласында көлік жүргізуші. Екінші ұлы Мұса да аға жолымен көлік тізгіндеген. Ал кенжесі Мұстафа ауылдағы шаруашылықта комбайншы.
– Еліне еңбегі сіңген майталман ағамыздың атындағы жүлдені иемдену күн демей, түн демей, жұмыс басынан табылған еңбектің арқасында деп білемін. Бұл мен үшін үлкен мақтаныш, – дейді ол.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
07 желтоқсан 2020 ж. 483 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 193

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 146

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 309

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930