» » Бірлік бірінші орында

Бірлік бірінші орында


Жасы алпысты алқымдап қалса да, ағаның қимылы ширақ. Төртбақ келген шымыр денесінен жастарға дес бермейтін қайраты анық аңғарылып тұр.
Жас күнінен техникаға әуес болып өскен ағамыз еңбек жолын серіктестікте көлік жүргізушісі болып бастайды. Кейіннен автомеханик, ауылшаруашылық орталық жөндеу шеберханасының меңгерушісі қызметін атқарады. Қазір "Жаңажол" ЖШС-да бас инженер.
Ол жуырда өткен "Алтын дән – 2020" мерекелік салтанатында республикаға белгілі қоғам қайраткері, еңбек майталманы Қылышбек Әбішев атындағы төсбелгіні тағынды.
– Қылышбек ағамыз орны бөлек, дара тұлға. Оның есімі тек ауданға ғана емес, республикаға мәлім. Озық ойлы білімі, тәрбиесі бізді таң-тамаша қалдыратын. Біз сол кісінің салған сара жолымен келе жатырмыз, – дейді ол.
Ел қамын ойлаған еселі еңбектерінің арқасында жерде өскен дәнді жерде қалдырмай, уақытылы тап-тұйнақтай етіп жинап алғанын да айта кету керек шығар.
– Жаз айындағы күрделі жағдайға қарамастан, ауыл еңбеккерлері айтарлықтай көлемде астық жинады. Жұмысшылардың дені – жастар. Күн демей, түн демей, жұмыс басынан табылды. Ұжымда ауызбіршілікпен бірлесіп еңбек етудеміз. Кезінде ауыл бөлінер тұста ақсақалдар оны біртұтас етіп сақтап қалған еді. Міне, соны көрген біздер бірлікті алдыңғы орынға қоямыз. Тұтас ауыл халқын еңбекке бейімделген деп айтса да артық болмас. Жастар да жұмыс талғамайды, – дейді кейіпкеріміз.
Бас инженердің өз жұмысына деген жауапкершілігінің жоғары екенін басшылары да бағалап, әріптестері де жиі айтып жүреді.
– Бейбіт ағамыз – өз жұмысына берілген көпшіл азаматтың бірі. Жұмысқа епті, мінезі де жайлы. Мұны серіктестіктегілер де жақсы біледі, – дейді Серік Сапақов.
Бейбіт аға өмірлік серігі Оңайкүлмен бірге екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отырған бақытты әке.
Ауыл еңбеккерлерінің жұмысы, емен жарқын әңгімесі біздің көңілді бір демдеді. Алайда, олар үшін жұмыс бітпейді. Қазіргі таңда шаруалар жерді жыртуға кірісуде. Ертеңнің қамын бүгін ойламаса бола ма?!

Ақнұр ЕРДҮЙСЕНҚЫЗЫ
16 қараша 2020 ж. 755 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 052

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031